Аманкелді аудандық орталық кітапхана туралы мәлімет

 

1922-25 жылдары ауылдарда қызыл отау құрылып, онда шағын кітапхана ұйымдастырылып сол кезеңде Елкеева Бекен жұмыс жасаған. 1928 жылдары аудандық  партия комитетінде кітапхана болған. Мәдениет бөлімі 1943-44 жылдары ашылып осы жылдардан бастап аудандық кітапхана жұмыс жасаған. 1965 жылы аудандық кітапханадан балалар кітапханасы бөлініп шықты. Аудандық балалар кітапхасында осы жылдан бастап 1993 жылға дейін меңгеруші болып Мәриям Қоңқышева үздіксіз жұмыс жасады. Көп жылғы еңбегіне Мәриям Қоңқышева республикалық, облыстық, аудандық мақтау грамоталарымен марапатталды. Ал 1974 жылы мәдениет министрінің “Үздік еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Аудандық кітапханада Әмірова Әсипа, Зейнуллина Мәрзия, Жұмабаева Сақан, Жұқатаева Бақытжан кітапхана жұмысының дамуына көптеп еңбектері сіңді.

1980 жылы аудандық орталық кітапхана  орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып қайтадан құрылды. Кітапханаларды бір жүйеге орталықтандыру кезеңінде Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының “Кітапхана ісі және библиография” бөлімін бітірген маман Жұқатаева Бақытжан көп жылдар кітапхана ісіне басшылық жасады. Құрамына 31 кітапхана кірді. Аудандық кітапхананың штаты көбейіп бірнеше бөлімдер ашылды. Кітап қоры ауылдық кітапханаларға бір орталықтан өңделіп таратылып отырылды. Әдістемелік көмек бір орталықтан жүргізілді. Кітапхананың бөлімдері:

-кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі

-әдістеме-библиографиялық бөлім

-оқырмандармен жұмыс бөлімі.

         Елімізде қайта құру науқаны кезінде  ауданымызда кітапханалар жабылып 17 кітапхана қалды. 2000 жылдан бастап  8 кітапхана қайтадан (Ақкісі, Қоғалыкөл, Ағаштыкөл, Айтбай, Кемер, Жанатай, Есір, Қосжан) ашылып, халыққа мәдени рухани қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда 23 кітапханада   42 жұмысшы-қызметкер жұмыс жасайды.