Автоматтандыру бөлімі

 

Программист - Құлтаев Марғұлан Нұрланұлы

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2010 жылдан бастап кітапхана процестерін автоматтандыру ісін бастады. Бөлімнің негізгі міндеті: ақпараттандыру, жаңа технологиялармен, әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда кітапханада 11 компьютер жұмыс жасап тұр.Ақпараттарды компьютер жадына салу процесі «РАБИС» шағын кәсіпкерлігі құрастырған «РАБИС» жүйесі бойынша жүргізілуде.

2009 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан электронды каталог 2005-2015 жылдары кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттер каталогі, мәліметтер қорынан тұрады. Әдебиеттерді салу жұмыстары ағымдағы басылымдар негізінде жүргізіледі. Электронды каталог есептік, ақпараттық, іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Автоматтандыру бөлімі оқырмандарға төмендегідей қызметтер көрсетеді:

- электронды құжаттарды дискетаға көшіру;

- титуль беттерін дайындау;

- принтерден қағазға шығару;

- мәтінді редакциялау және сканерден көшіру, кестелер, графиктер құру;

- кітапхана қорындағы оқырмандар сұранысына сай құжаттарды сандық жүйеге енгізу

- кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды инновациялық бағыттарды қолдану

  - веб - сайт және кітапхана блогтарының жұмысын жүргізу

Бөлімде компакт дискілер, видео-аудио материалдары, компьютерге қатысты журналдар бар.Бөлімнің өздері басып шығарған библиографиялық пособиялар, әдістемелік материалдар, жадынамалар, т.б. бар, сонымен қатар электронды пошта қызмет етеді.

Бөлімде меңгеруші, техник инженер, бағдарламашы, суретші көркемдеуші жұмыс жасайды.