Аудандық балалар кітапханасы

 

Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының  меңгерушісі: Мусабаева Зарина Амантаевна

Кітапханашылар; Исмайлова Таншолпан Оразбековна,

Библиограф: Алмағанбетова Рая Оразбағамбетовна

Балалар кітапханасының негізгі қызметі балалардың оқу, оқып танысу сонымен қатар кітапхананы пайдалану әдеттерін дамыту, білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу үшін ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау, балаларға тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсету, олардың ұлан-байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету болып табылады.

Аудандық балалар кітапханасының кітап қоры 14780 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 10707 дана. Жыл ішінде 1850 оқырманға 25379 дана кітап берілімен қамтылды, келушілер саны 14066 ді құрайды. Оқырмандардың күнделікті сұранысын қанағаттандыруда  30 мерзімді басылымдар алынды.

Балалар кітапханасы балалар оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін ұлттық тәлім тәрбиеден бастау, сондай-ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйрету мақсатында олармен түрлі мәдени шаралар жүргізіп келеді. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда кітаптар инсталлициясын ұйымдастыруда көпшіліктің жиналатын демалыс парктерінде , жазғы демалыс лагерлерінде кітап жаймалары өткізіледі.

Аудандық балалар кітапханасы облыстық, аудандық деңгейде ұйымдастырылған байқауларда белсенділік танытуда, 2015 жылы 2 ші  «Сөз құдіреті»  мәнерлеп оқу байқауында 1 орын иеленді  кітапхананың оқырманы ауданымыздың намысын қорғап барған Қаршыға Айым Нұрболқызы.  Сонымен қатар 3 облыстық «Сөз құдіреті » мәнерлеп оқу байқауында 2орын  алған Серікбаева Баян Рашитқызы иеленді.

Балалар кітапханасы сіздерді 30-дан астам баспа басылымдарына оқуға шықырады. Олардың ішінде өнерге толы «Жыл он екі ай», ойларыңызды қызықтыратын «Ертегілер елінде», мағынасы терең «Ұлан» бүлдіршіндердің бал тіліне жатық «Балдырған» сияқты басылдарды ұсынамыз. Ең сауатты адам ол көп оқыған адам. Сондықтан сіздерді балалар кітапханасына оқуға шақырамыз

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызсет көрсету,
Мектеп жазына дейінгі және 1-4 сынып оқушылары кітапханаға жазыла алады. Бөлімде балалар жақсы қөретін жазушылардың ертегілер мен әнгімелерін оқиды. Оқу залында балаларға арналған газеттер мен журналдарды қарап, оқиды. басылым қоры 30 астам атаудан тұрады.

Аманкелді аудандық балалар кітапханасы орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсетеді. Бөлім қоры 5-9 сынып оқушыларына арналған 15000 жуық астам кітаптар бар. 
Балалар білімік барлық саласынан қажетті әдебиетті таба алады. Оқу залында сабақтарға дайындалуға, реферат жазуға, газет, журналдардың жаңа санын оқуға болады.

Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасы әдістемелік және кеңестік көмек көрсетіді. Әдістемелік қызметінің бірлігін ұйыптастырып, қамтамассыз етеді. Жыл сайын семинарлар, кәсібей деңгейдегі конкурстар, балалар оқуы мәселелері бойынша дөнгелек үстелдер өткізеді. Аудандық орталық балалар кітапханасы қызметіне көмек ретінде библиографиялық әдістемелеік кітаптар шығарады.