Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі

 

Бөлім меңгерушісі:

Қалиева Сәлима Қамбарқызы

Байланыс телефоны: 8 (714-40)21-3-99

Бөлімнің мақсаты:

Кітапхана қорын басылымдардың барлық түрлерімен толықтыру: кітаптар, электрондық құжаттар, мультимедиялық және мерзімді басылымдар;

Жаңа түсілімді электрондық катологқа (РАБИС) енгізу;

Кітапхана ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электрондық пішімде ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру арқылы кітап қорын ашып көрсетуді қамтамасыз ету;

 Бөлімнің міндеті

Катологқа енгізу үшін ағымдағы түскен басылымдарды индекстеу, басқа жүргізілетін жұмыстар:

А) кітапхана бөлімдері үшін ағымдағы түсілімді техникалық өңдеу;

Ә) белгілі мерзімде жаңа түсілімді ЭК (РАБИС) енгізуді жүзеге асыру;

Б) ағымдағы жаңа түсілімді уақытылы кітап қорының есеп құжаттарына енгізу: суммарлық кітап, инвентарлық кітап.

Қызметтік және оқырмандарға арналған катологтарды мерзімді басылымдар катологтарын ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру үшін:

А) кітапхана катологтарын редакциялап отыру;

Ә) қызметтік және оқырмандарға арналған катологтардан карточкаларды алып тастау арқылы әдебиеттерді шығыстау;

Б) катологтарды дайындау (безендіру);

Ағымда түскен түсілімдерді өңдеу мерзімін қысқарту, оны электрондық катологқа енгізу мерзімдерін қысқартуда жүйелі түрде жұмыс істейді.