Оқу залы

 

Кітапханашы; Бірмағанбетова Жансая Боранбайқызы.

Оқу залы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі. Кітап қоры – 1747 дана. Қорда білім саласы бойынша кітаптар, анықтамалықтар жинақталған.

Оқу залының негізгі міндеті – барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және сұраныстарын толық қанағаттандыру.

Оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранысын қанағаттандыруда  35 аталымда мерзімді басылымдар алынды.

2017жылға текті оқу залына  1887 оқырман тартылып, 35818 дана кітап берілімімен қамтылды. Оқу залына келушілер саны – 14260. Күніне 10-15 оқырман кітапхана қызметімен қамтылады. Олар: оқушылар, ұстаздар, әр сала мамандары.

Оқу залында елімізде  жыл ішінде республикалық «Бір ел бір кітап», облыстық «Оқитын өлке» кітап акциялары, аудандық «Кітап оқы ; өз өлкеңді танып біл» оқу марафоны аясында , жыл ішінде аталып өтілетін мерейлі даталарға орай, кітаптар тұсаукесерлері,дөңгелек үстел сұхбаттары, жасөспірімдер арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, ірі мәдени шаралар үнемі өткізіледі.