«Кітапхана – білімнің күншуағы» тақырыбында  кітапханалар күні ашылу сәтінде аудан әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлы сөзалып, білімге ұмтылған оқырманның табылар жері – кітапхана екенін, жаңа технология заманында да, кітап адамның ой-өрісіне ықпал жасап, рухани азығы болып қала беретінін айтып, қатысушы кітапханашыларға сәттілік пен еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Кітапханалар күндеріне арнайы шақырылған қонақтар: Ардагерлер кеңесінің төрағасы - Дауылбай Есім Жетпісбайұлы, «Нұр Отан» партиясы филиалының І-орынбасары Нағашыбай Қасымханұлы және мәдениет саласының зейнеткерлері Олжағұлова Жұлдызай Жұмағұлқызы, Ибраева Ұлмекен Рақымжанқызы сөз сөйлеп, «Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз,  өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз» деп өз ойларын айтып, кітапхана жұмысына  алғыстарын білдірді.  Іс - шараның бірінші бөлімінде, кітапханалар күндерінің бағдарламасы және мақсатымен таныстырып өтті. Шараның мақсаты:  кітап оқуды өмір салты ретінде қолдау және әдеби процесті бүкіл елдің басын қосатын бірегей құбылыс ретінде сақтап қалу; бос уақытты ұйымдастыру саласында инновациялар іздестіру; кітапхана ісін дамыту; кітап оқуды насихаттау; кәсіпқой қауымдастықты қоғаммен байланыстыру. 

 Кітапханалар күніне  арналған іс- шара  барысында, кітапхананың  тұрақты оқырмандары  Амангелді  орта мектебінің  7 сынып оқушылары Жолдыбек Карина, Ахметсапа  Жанерке кітапханаға арнаған өз өлең жолдарын тарту етті.  

 Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қалмағамбетова Гүлнұр «Кітапхана – білімнің күншуағы» атты кітап көрмесін таныстырып өтті, көрмеге кітапхана зейнеткерлерінің және кітапханадағы өткізілген іс-шаралардың суреттері қойылды.   Оқу залы  кітапханашысы Сакулова Нәбира «Ақпарат әлемінде» атты мерзімді басылымдар шеруін өткізді. Оқу залында Құмкешу және Байғабыл ауылдық кітапханаларының кітапханашылары  Князова Б., Бірғалиева З. ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының үзіндісінен қойылым қойды. Бұл алаңда мектеп оқушылары мен кітапханашылар өнер көрсетті. Амантоғай, Жалдама, Ақсуат ауылдық кітапханаларының кітапханашылары Қойжігітова А., Жалкенова А., Сейлова М.  «Қозы көрпеш пен Баян Сұлу» жырының үзіндісінен көрініс қойды. Үрпек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұржанова Майраш  Ф. Оңғарсынованың 80 жылдығына арнап, «Арманына жыр еккен»  тақырыбында өмірі мен шығармашылығына шолу  жасады. Шара барысында Ф.Оңғарсынованың сөзіне жазылған әндерді шырқалды, шығармаларын оқыды, ақынды еске алды.  Сонымен қатар оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әміржанова М.  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жүректен жеткен жырлар»   атты әдеби кеш өткізді.