«Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

Әдістеме – библиография бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ – КӨРКЕМ СӨЗДІ ШЕЖІРЕ»

 

/«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында /

Әдістемелік құрал

 

 

 

Амангелді - 2019



 Құрастырушыдан

 

Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана «Бір ел- бір кітап 2019» акциясы  аясында  Ә.Тәжібаевтың «Аңыздың ақыра» романына   бойынша әдістемелік құрал әзірледі. Өздеріңізге ұсынылып отырған бұл жинақта сіздердің назарларыңызға биылғы жылы  өтіп жатқан «Бір ел – бір кітап» 2019 акциясының аясында өткізілген іс-шаралар және Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы желісінде ұсынылып отыр.

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу мақсатын көздеген аталмыш акция көпшіліктің ерекше ықыласына бөленуде.

Бұл акцияның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы - талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап — ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен.

         Аталған көрсеткішке кітапхана қорындағы материалдар  және «бір ел - бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс шаралар сценарийлері енгізілді.

Әдістемелік  құрал үш негізгі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы, екінші бөлімі – «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында өткізілген іс шаралар, үшінші бөлімі – «Аңыздың ақыры - кемел ойлы көркем сөзді шежіре».

Бөлімдерде әдебиеттер алфавит бойынша орналастырылған.

Басылым соңында көмекші құрал ретінде басылымдар атаулары, есімдердің алфавиттік көрсеткіштері берілген.

Көрсеткіш қазақ тілінде әзірленген.

Материалды іріктеу 2019 жылдың тамызында аяқталды.

Басылым кітапханашыларға, мұғалімдерге, қызметкерлерге және т. б. арналған.

Әдістемелік құралды практикалық жұмыста оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсеткенде, тақырыптық сынып сағаттарын, кітап көрмелерін безендіргенде, бұқаралық іс-шараларды дайындағанда, тақырыптама библиографиялық анықтама жасаған кезде қолдануға болады.

Көрсеткіш туралы ақпарат http://aman-kitaphana.kz/kz/ сайтында орналастырылған.

 



Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы 

 

 

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.

Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған.

1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкалаарқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды.

1942    жылы соғысқа    алынып,    майданда    3    рет жараланып, Сталинград маңында  қайтыс  болады.   Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды.

 

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1  сыныбына барып,  1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ  Мемлекеттік Университетінің  филология  факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады.

 

 

Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Ол Қазақстанның халық жазушыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009),

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар       академиясының

құрметті  профессоры,  АҚШ-тың  Кентуки  штатының  құрметті  полковнигі,  Маңғыстау,  Атырау    обылысындарының,     сондай-ақ   республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.  2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді.

 

Қызмет жолы

 

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

 

1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

 

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатыныңдепутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

  

Шығармашылығы және еңбектері

 

Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған.

 

Тәжібаев. абайтану мәселесіне де белсене араласып, ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен шеберлігі тақырыбын сөз ететін мақалалар жазды. Оның «Абай және қазақ әдебиеті» («Социалистік Қазақстан», 1945, 19 тамыз), «Абай және қазақ совет поэзиясы» («Екпінді», 1940, 17 қазан) мақалаларында ақынның қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырудағы рөлі және Абай бастаған реалистік шеберліктің бүгінгі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жалғасы сөз болады. Күнделікті баспасөзде жарияланған мақалаларында үнемі Абай мұрасын жинау және оны дұрыс талдап, оқырман қауымға жеткізу мәселелерін қозғап отырды. Бұл үшін, алдымен, ақын мұрасын жүйелі зерттеумен айналысатын ғылыми мекеменің қажеттігін, ал ондай орталық Абай музейі бола алатынын арнайы мәселе етіп көтерді. Ғалым-ақынның абайтану ғылымында, әсіресе, «Қазақ лирикасы тарихынан» деген монографиялық еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбектің 2-тарауы түгел дерлік Абай лирикасын зерттеуге арналған. Ғалым Абай лирикасын бірнеше тақырыпқа бөліп талдау үстіңде оның жеке шығармаларына тоқталады, ақын шығармашылығының бүгінгі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі жалғасын сөз етеді, Ендігі кезекті ақынның өлеңдерінен мектеп оқушыларына береміз.

Әбділда Тәжібаев поэзия әлеміндегі ең үлкен тұлға.Ақынның өлеңдері оқушы ілтипатпен оқиды, тың ойлар іздеді. Ақын өлеңдерін лириктік сезімталдық, табиғатты  құбылысын көңіл- күймен ұштастастырып бейнеленген.

 

Осымен бүгінгі Ә. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Жүректен жеткен жырлар» атты әдеби кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос

 

Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос,
Тепсінісіп шығатынға,- дедің бе екен,- тақым бос,
Тепсініскен бабаларың тентіресіп кеткен-ді,
Ойқастамай, ойласайық, одан да, бауырым, ақыл қос.
Ей, бауырым, мен де өзіңдей жұмыр басты адаммын,
Сен сияқты мен де емгенмін аппақ сүтін анамның,
Сен сияқты мен де далмын ертеңін ойлап баламның,
Сен сияқты мен де аң-таңмын кей ісіне заманның,
Мен де өзіндей қырда туған қара борбай қазақпын,
Мен де өзіңнен кем тартқам жоқ кермек дәмін азаптың.
Сор тұзақтың торын әлі түгел сыпырып болғам жоқ,
Қуанғанмен туды ма деп қазақ үшін азат күн.
Ей, бауырым, мен де өзіңдей басы қатқан пендемін,
Пенделікті мен де өзіндей әлі күнге жеңбедім.
Пенделіктен қамығамын құмға сіңіп, тәрік боп,
Кете ме деп өмір бойғы өзек үзген еңбегім.
Ей, бауырым, мен де өзіндей көп нәрсеге аң-таңмын,
Ашу буып әзер сиям кейде ішіне қаңқамның,
Аң-таң болып аңырғанды айдалаға лақтырып,
Кеткім де келер кесір дүниені біржолата талқан қып.
Талқандайық, ешкімге де керек болмаса бұл жарық,
Талқандайық, талқанына болар екен кім қарық?
Талқаны шыққан түл даланы талақайға салғанда
Болмаймыз ба бәрісібір сен ғарып та, мен ғарып.
Таусылмайды шамалы да бұл ыза мен бұл арман,
Орнағанша қу далада жайқала өскен ну орман,
Ол үшін тек балтаңды алып бәйтерекке кіжінбей,
Жөн шығар-ау қауғаңды ұстап өз шыбығыңды суарған.

 

Жазғы күн шапағын

Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.
Жазғы күн шапағын
Өшірді. Түн келді.
Қап - қара шапанын,
Дүние бүркенді.
Алыстан жарқырап,
Көк айдын көлбейді.
Қорқақ ши қалтырап,
Қоға бас тербейді.
Шегіртке шырылдап,
Көлбақа бақылдап.
Жатыр көл дуылдап,
Сақылдап, шақылдақ.
Топырлап тұяқтар
Жөңкіле жылқы өтті.
Сытырлап қияқтар
Ақ көйлек жылт етті.
Көктен бұлт арылды
Қырқаға асылды Ай.
Мен сүйем жарымды
Құмарым басылмай.
Нұр төкті ай алапқа
Тіліп түн мұнарын,
Төніп ақ тамаққа
Қанбайды құмарым.
Ай барды жиекке
Солдырып жанарын,
Бал тамып жүрекке
Тамсанып барамын.
Бірауық құмартып,
Сүйсем ақ тамағын.
Жағыпты қызартып,
Шыққан күн далабын.
Сәулесін күн келіп,
Малыпты көлге рас.
Оны біз білмедік,
Ол да мас, мен де мас.
Енді жұрт көрері
Түсті жар есіне.
Жоқ еді керегі,
Таң атты несіне?!

 

 


«Бір ел –бір кітап» акциясы  аясында өткізілген іс-шаралар

Жүректен жеткен жырлар

 

 

Өтетін уақыты: 4. 02. 2019 ж

Өтетін орны: Оқу залы

Жауапты: Әміржанова М.

Жүргізуші: Сакулова Н.

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

Іс – шараның аты: Жүректен жеткен жырлар

Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай жазушының өмір баянын, шығармаларын, өлеңдерін насихаттау.

Жүргізуші:

Қайырлы күн  құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл  Бір ел – бір кітап республикалық акциясына екі бірдей кітап таңдалынып алынды. Ә. Тәжібаевтың лирикалық өлендері мен Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» кітаптарын жыл бойы насихатталатын болады. Бүгін Ә. Тәжібаевтің туғанына 110 жыл толуына орай Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жүректен жеткен жырлар» атты әдеби кешімізге хош келдіңіздер. Енді кешімізді бастамас бұрын әсем әнге кезек берейік.

Ән орындайтын---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

         Әбділда Тәжібаев (1909-1998 ж. т.) - ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы.

Әбділда. Тәжібаев  Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүлдің қолында қалған. Жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Әбділдаға шешесі Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған.  

Әбділда Тәжібаев –осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері,  ірі драматург және белгілі әдебиет зертеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың XX – жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүние жүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев-поэзияда лирика мен поэма  жанрын қатар алып жүрген ақын Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршыдық,ойшылдығымен,шыншылдық,оттылығымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы-тың ізденістің,жоғарғы мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

         Ә.Тәжібаев атақты драматургте. Драмалық шығармалар жазуды 30- жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді.Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп,Ә. Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Ә. Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп,үздіксіз еңбектеніп, түтас бір дәуір шындығын жан- жақты, көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

 

Ә. Тәжібаев «Күй атасы,» «Ақын,» «Портреттер» аталатын дастандар жазумен бірге,лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптасуға да үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

 

 


«Бір ел-бір кітап» акциясы 2019 жыл.

Кітап көрмесі

 

 

Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау,рухани мұрамызды сақтап,ана тіліне деген қызығушылықты ояту, әрі оқырмандарды кітап оқуға тарту.

Өтетін уақыты31.01.2019.

«Бір ел – бір кітап 2019»  республикалық акциясы бойынша биыл екі кітап таңдап алынды. Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.

Қазақстанда  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Акцияның  мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша  2019 жыл таңдауы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.

 

1.  Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы - талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап — ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен.

2. Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

 «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырды.

 

   Амантоғай ауылының кітапханашысы: 

  Қойжігітова А.Т.

 

 

 

 


«Тұлғаларды ұлағаттау – ел мерейі»

Кітап көрмесі

 

Өтетін уақыты: 12 ақпан 2019 жыл.

Өтетін орны: кітапхана.

Жауапты: Мұсабаева З

Қатысушылар: Мектеп оқушылары

Іс- шара тақырыбы: «Тұлғаларды ұлағаттау – ел мерейі»

 Мақсаты:  Ұлттық әдебетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау. Оқу ісін ілгерілету рухани мұрамызды сақтау сондай – ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.Сонымен қатар акция қоғамның отандық әдебиетке оның ішінде классикаға қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

          Сәлеметсіздер ме! Құрметті жиналған қауым. Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап» - 2019 акциясы  аясында тұрақты кітап көрмесін таныстыруға рұқсат етіңіздер:

         Елімізде «Бір ел – бір кітап акциясы» ҚР мәдениет министірлігінің қолдауымен ҚР ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханашылар ассоциясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны  оқу және несихаттау, оқу ісіні ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай –ақ, жстанды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамының отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.  Акция бойынша биыл ел болып Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және Ә.Тәжібаевтың поэтикалық шығармаларын оқимыз.  Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Тұлғаларды ұлағаттау – ел мерейі», атты тұрақты кітап көрмесін жасап жыл бойы оқырмандарға  таныстырылатын  болады. Көрмеге Ә.Кекілбаевтың және Ә. Тәжібаевтың  туындылары көрмесінің және олардың өмірбаяны мен таныса аласыздар.

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 –желтоқсанда маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,  Оңды ауылында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік Университетін бітірген. Әбіш кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. 1962 жылы «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Содан бергі уақытта проза, әдеби сын, көркем аударма, көсемсөз, драма саласында жемісті еңбек етіп келеді. Ә.Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлы тәсілін шеберлік пен игерген жазушы.

Ә.Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез- құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс – әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қарасөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. Ә.Тәжібаев -  атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі  қоғам қайраткері. Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер. Шоқтықты тұлға. Ол сонымен қатар, әдебиет тану, театр тану саласында көп бейнеттенген білім иесі. 30-40 шы жылдар сыршыл лирик ретінде танылған. Әбділдә ақын мөлдір поэзия әлемінің асқақ романтикасының сол уақыт рухына сай әдемі түйсінген еді. Уақыт, заман, кісі тағдырлары мен олардың әлеуметтік психологиялық болмыс – сипаттарын терең ашар тұстарда ақын жүрегінің асқақтай түсерін оның өлең жолдарынан анық байқап отырмыз. Ақын поэзияларында лирикалық ой мен сыр- сезім қисынды түйсік, мазмұны мен табиғи тоғысып жатады.

Амангелді аудандық орталық  балалар кітапханасынан көрмеміздегі кітаптарды оқып, тамашалауға шақырамыз.


 

“Туған жер – киесі, Дархан дарын — иесі”

 

Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған
әдеби кеш

Кештің мақсаты: Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі кешке қатысушы қонақтар! Маңғыстаудың киелі топырағанан түлеп ұшқан, барша Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек, болмысы жаңа, мерейлі, береке бітімі ерекше, ел тарихында айрықша ауқымды ардақталатын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Туған жер – киесі, Дархан дарын — иесі” атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

 

Жүргізуші:
Әдеби кеш үш бөлімнен тұрады:

1. “Әсем сөзі құс боп шарлап жер – көкті…”
(әдеби — сазды бағдарлама)

2. “Ұлы сүрлеудің мұрагері”
(сұрақ-жауап бөлімі)

3. “Тарихтың алтын арқауы”
(драмалық шығармадан көрініс

Кіріспе сөз:

Дәуірдің кеменгер қаламгері әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейінен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы болады.

Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің небір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен, елінің ертеңіне сарабдал ой тастап, бүгінгісіне шеберлікпен талдау жасаған саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық парызы биік, телегей талант иесі екендігімен мәлім.

Сұлтан Оразалиннің “Жазушы Әбіш Кекілбайұлы” фильмінен Әбіштің өмір жолынан үзінділер көрсету.

Әбіш Кекілбайұлының “Біздің бала шағымыз” өлеңі мәнерлеп оқылады.

Мына біздер конфет таңдап бірауық,

Үлкендердің алған жоқпыз мазасын.

Біздер емес ерке бала жылауық,

Көкесінен тартқан талай сазасын

 Дей алмаймыз: Күні бойы доп қуып,

Көк қойнына күміс шарлар самғаттым.

Онда елдің омырауын от жауып,

Жетпеді ұлтан етігіне солдаттың.

Төбемізге талай қатер төнген-ді

Жатқанда ажал ат ойнатып, дауыл сап.

Түсімізге қоса қабат енген-ді

Көкеміз бен күрең қызыл бауырсақ.

1 – оқушы:

Ағашты, Онды, Мырзайыр менен Басқұдық

Берсем соның бәрін тізіп басқа ұрып

Туған жердің қымбат дейді тасы да

Қайран сол бір балалық шақ, шат қылық

2 – оқушы:

Ет бауырды кетті өмір де езілтіп,

Өн бойына жұғыпты төзімділік.

Жаратылыс қыр – сырын бағымдады,

Туған жердің тау – тасын кезіп жүріп.

Әбіш Кекілбайұлының“Туған жер” өлеңі мәнерлеп оқылады.

Ән: Көмек Ыбыраев “Туған жер”

3 – оқушы:

Тұра аларма толғантпай Дала – Дана,

Қалай біткен қасиет – сана сара.

Қазағымның бағындай маңдайының

Қырда туған қияли қара бала.

4 – оқушы:

Соғыс өрті кетсе де әкені алып,

Сәби жүрек қалса да жараланып,

Сәйгүліктер жорытқан сары далада

Сағым қуған өсті ұлан дараланып.

Әбіш Кекілбайұлының “Әке” поэмасынан үзінді мәнерлеп оқылады.

5 – оқушы:

Бұл да атанды бір бала қиян кезген,

Қарайтұғын ойлана қырын көзбен

Басқалардан болыпты бөлегірек,

Болмысына ел тәнті бұла кезген.

6 – оқушы:

Шабады арғымақтар нағыз дара,

Дейтіндей әулиелер «ағыз бала».

Сүйеніп кешті ғұмыр киелерге,

Жанында демеуші боп Абыз –Ана.

Айсәуле ана – парасаттың панасы,

Сол кісіден туған қазақ данасы.

“Әбішжанды ренжіте көрмеңдер”,

Деп аманат етіпті асыл анасы.

Жүргізуші:

    «Алып анадан» деп пайымдаған халқымыз Әбіштің әлем таныған талант, келісті қаламгер толысқан тұлға, ел таныған қайраткер санатына жетуінің түп тіні, алтын арқауы, асыл текті анадан болса керек деп Айсәуле анаға арнап туған жеріне ескерткіш орнатқан болатын.

 

Әбіш Кекілбайұлының “Анама” өлеңі мәнерлеп оқылады.

Жолатпай қыс боранын, жаз аптабын,

Мен үшін қанша өзіңді азаптадың.

Арманның аспанында шықтым шырқап,

Қатайып құшағыңда қанаттарым.

Күндердің өтер менсіз құр күбінтіп,

Хат бармай көңіліңді мың құбылтып.

 

Ондайда отырмайсың тағат тауып,

Кетеді сағыныштың бұлты бүркіп.

Ойлайтын жаның ылғи бала қамын,

Сағынтты мені қамқор алақаның.

Күте бер жоғалтпай тек тынышыңды,

Оралар қыран болып балапаның

“Еңбек туы” газеті 1 мамыр, 1958 ж

 

“Жаңа өмір” газеті 28 тамыз, 2009ж

 

7 – оқушы:

Бойыңды шабыт дүлей кернегенде,

Не жетсін құлашты бір сермегенге.

Есімі елеулі боп ел – жұртына,

Жайылып болды мәшһүр жарты әлемге.

8 – оқушы:

Айнымас қарапайым қалпыменен,

Тірліктің кешті ғұмыр парқыменен.

Ұлт пенен Ұлағатты ұластырды ол,

Далама дырдай болған даңқыменен

Ән: «Ұлы Әбіш аға»

Ұрпақтарыңды тамсантқан қымбат жырларың,

Сырға да толы, жырға да толы жүрегің.

Даналарыңдай болмысы да бар өзіңді.

Арысымыз деп, ардағымыз – деп жүр елің               

 Қайырмасы:

Ұлы Әбіш аға,

Жасай бер, жаса.

Қазақтың нағыз шешені,

Дарынды аға

Қазынаң дара

Еңбегің мәңгі елеулі

Көсіле сөйлеп толғаған ділмәр тілімен,

Ел қамын ойлап маржанын ойдың екшеген

Еңбектеріңмен сусындап жатыр бар әлем

Туған тіліңнің таныттың көпке қаймағын.

                 Қайырмасы:

Алты алашқа да атыңыз мәлім марғасқа,

Қазақ елін сен көтере берші асқарға

Ғұмырыңызда тірліктің түрлі ақпары.

Тәуелсіз елдің төрінде мәңгі жарқыра,

9 – оқушы:

Төккен шақта әуелі жыр көпір ғып,

Құдіретті тәңірлі күрт өкім ғып.

Ұлы жолдың басына айналыпты

«Алтын шуақ» көмкерген, “Бір шөкім бұлт

10 – оқушы:

Қойнауынан тарихтың алып кіріп,

Құпия сырларына қанықтырып.

Кеткендей сәулесімен жан сарайды

«Үркер» мен  «Елең — алаң» жарық қылып

 11 – оқушы:

Теңсіздікті адамға дұшпан аты,

Теже, — дейтін ұрпаққа нұсқа хаты-

«Шыңыраудың» тұңғиық тереңдері

Тіршіліктің сарқылмас қазынасы

Әбіш Кекілбайұлының “Шыңырау” өлеңі мәнерлеп оқылады

Темірхан Медетбековтың «Шыңырау»

 (Әбіш Кекілбаевқа арнау) өлеңі оқылады.

12 – оқушы:

Тізгіндеген шақтарда ой – алыпты,

Заманның сырлары сұхбат құрды.

«Ұйқыдағы арудың оянуы» деген атпен

Туған өлке туралы жазылыпты.

13 – оқушы:

Айналдырған ұлылық қорғанына

Талантыңыз орман ба, ордалы ма.

Бірге түлеп заманымен құйылыпты.

Құнар қосып «Дүние ғапыл» жырлана

Ғалым Әріптің “Әулиелер әлдиі” өлеңі мәнерлеп оқылады.
 Ә.Кекілбайұлына арнау

14 — оқушы

Маңғыстау маңғаз көрінер биік қырқадан,

Бұл күнде жатыр өзіңе арнап маң далаң.

“Құсқанатынан” құйылған дария нөсердей,

Ата-дәстүрді сақтауды әр кез аңсаған

15 – оқушы:

Бақыт кейде десек те азапты нұр,

Өмір сізге сыйлаған ғажап ғұмыр.

Таңдамалы, томдардағы еңбегіңмен

Көтердіңіз биікке қазақты бір. 

16 – оқушы:

Жүректерді жылытса жан шуағы,

Көңіл кілті біліммен ашылады.

Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан,

Секілдісіз Маңғыстау шамшырағы.

17 – оқушы

Тілдескеннің бәрін де табындырған,

Биіктесін мәңгіге алып тұлғаң.

“Сыр — десте” мен “Ай — ана” жинақтары

Шежірелі тілінен бал тамызған

Қазақ биі: “Көркем”

Әбіш Кекілбайұлының өмірінен

Әбіш Кекілбайұлының шығармасынан

Әбіш Кекілбайұлы туралы лебіздер


“Тарихтың алтын арқауы”
Көрініс

 

 

«Абылай хан» халықтың қаһармандық драмалық дастанынан үзінді.
Абылай – қазақ ханы
Диуана – дәруіш
Кейуана (Бұхар) – халық жырауы
Жасауылдар (әлеумет)

Жүргізуші:
Маңғыстау білсең кешегі,
Әулиелердің төсегі.
Кекілбайұлы Әбішің,
Қазақтың асқан шешені.
Атадан асыл ұл туса,
Белгілі бақыт деседі,

— деп, жерлес ақын Сайын Назарбекұлы айтқандай, сөзге шешен көркемдеп сөйлеудің зергері, киелі топырақта қанат қаққан, халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлының қалыптасу, толысу, кемелдену жолдарының өзі өзгеге еш ұқсамаған өз ауқым, әлемі барлығымен  де ерекшеленеді.

Қорытынды сөз:
ХХ ғасырдың таңдаулы жазушыларының бірі — Әбіш Кекілбайұлының өмірінің кең айдындағы белестері шалқар шабыттың, сезімтал да зергек сезімнің, терең де ғұлама ойдың, түйіні толысқан, шешімі келіскен тұжырымның, жаңылмас бағдардың биігі болғай!

Жүргізуші:
Бала кезің ұлағат, дана кезің,
Тырнап ашқан сен едің сана көзін.
Кәрі дала сан ғасыр толғатқанда
Тек Маңғыстау туа алған Дарабозым! – дегендей, қасиетті Маңғыстаудың төл перзенті, қазақ әдебиетінің маңдай алды өкілі, қара сөздің сұңғыла сүлейі Әбіш Кекілбайұлына арналған “Туған дала – киесі, Дарқан дарын — иесі” атты әдеби кешімізді аяқтаймыз.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

 

 

«Әбіш Кекілбаев феномені»

 

Әбіш Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас. Әбіш жайында сөз қозғау,оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние» -деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткен.

Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды. Ә. Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды.

Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар.

Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.

Әбіш Кекілбаев - барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз: Бірінші, әдеби -көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т.б.). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан… Әбіш – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап, халқымыздың тарихы қамтылған.

Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. Қаламгердің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын. Осы шығармасының өзі оның үлкен сөз зергері екенін көрсеткен-ді. Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді.

«Күй» классикалық туынды болатын. Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г. Бельгер: «…«Күй» стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты, бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерімен құнды", – деген болатын.

«Күй» артынан «Ханша дария хикаясы» жарыққа шықты. Осы еңбегі алдымен орыс, сонсоң басқа тілдерге аударылып жарық көрді. Жазушының тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы. Демек, оның шығармаларындағы тарихы тұлғалар – Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би – біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болғандықтан, оларды кеңінен жіктеуге міндеттіміз.

«Үркер», «Елең-алаң» романдарының тақырыбы мен идеясы туралы әдебиеттану ғылымында кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірлер бар. Ол пікірлер бойынша, «Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс. Бірақ мынаны ескеру керек: «Үркер» мен «Елең - алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның бір ғана тақырыбы, бір ғана идеясы болуы шарт емес. Шығармада негізгі тақырып пен идеяны толықтырып тұрған басқа да көптеген жеке тақырып, қосымша идеялар бар. Қазақстанның Ресейге қосылуы — сол тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы — сол идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы әр алуан жеке тақырыптардың басын біріктіріп, бір бүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтасқан өмір құбылыстарының тобы — оның негізгі тақырыбы. Осы тұрғыдан келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Үркер» мен «Елең-алаң» романдарының негізгі тақырыбы — қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы — ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.

Абыл күйші мен Сүйінғара батыр (Дүйімқара) тарихы жазылған Кекілбаев повесі туралы Әбілқайыр Спан: «…Жазушы Ә. Кекілбаев – ұлы гуманист. Өз сөзімен айтқанда, оған бір халықты керемет, бір халықты керемет емес дейтін нәрсе жат, оны қай уақытта да жек көреді… Тек жек көріп тынбайды, осы жолда күрескер де бола алған. Осы қыры «Күйде» де көрінеді. Мұнда ол «түрікмендер жаман, қазақтар жақсы» демейді. Жамандық пен жақсылық екеуіне де ортақ – қазақтың Дүйімқарасының түрікмендегі сыңары – Көкбөрі, қазақтың күйшісінің түрікмен ішіндегі егізі – Дәулет…», – деп анықтама береді («Заңғар». – А., 2008, 81-82-беттер). Орысша аудармасында кейбір тараулардың түсіп қалғаны туралы автордың өз жауабы арқылы түсіндіріп: «Есіл «Күйдің» жал-құйрығы солай күзелген де қалған… Мұндай жағдайға «Үркер» де түсіпті», – дейді.

Біз Кекілбаевты Батыс Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасын зерттеушілердің ішіндегі ерекше ірі тұлға деп танимыз. Оның әдеби шығармалары мен тарихымызға арналған зерттеулері қазақ шеңберінен әлдеқайда асып кеткен, бүкіл түркі халықтарына ортақ екенін мақтанышпен айтамыз. Ата-бабаларымыздан қалған рухани мұра, басқа туыстас халықтармен салыстырғанда, орасан зор.

Жалпы, қазақ – адамзат тарихында ерекше орын алатын халық. Қазақ тілінде басқа халықтар секілді диалект жоқ. Өз руынан қыз алмайтын салты бар. Кең-байтақ аумақты жайлаған халықтың тілі мен тұрмыс-салтының бірдейлігі дүние жүзі ғалымдарын таң қалдырады.

Осы жетістіктер – ХVІІІ ғасырға дейін өмір сүрген, бір орталыққа бағынған, біртұтас Қазақ мемлекетінен қалған мұра. Қазақ хандығының ыдырап, Ресейдің боданына айналғаны туралы соңғы ғасырларда жазылып келе жатыр. Солардың ішінде Батыс Қазақстан тарихы ерекшеленеді… Осы күрделі тақырыпты және рухани мәдениетімізді зерттеуге Ә. Кекілбаев ерекше үлес қосты.

Әбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарын аса мұқияттылықпен пайдаланып, халық игілігіне жарату керектігін нақты дәлелдермен көрсетті. Сонымен қатар ол шежіре арқылы      тарих      жасайтындарға      талай      рет      ескерту      де      жасады. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары  –  тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар.

Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді.

Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді.

Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты. 


 

 

«Аңыздың ақыры» - кемел ойлы

көркем сөзді шежіре

 

 

 

Жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының барысында оқылатын жыл кітабы анықталды.

 

2018 жылдың соңына қарай 2019 жылы оқылатын «Бір ел – бір кітап» акциясына дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған 

 

жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды. Сондай-ақ, акцияның шешімі республикалық акция комитеті мүшелерінің және өңірлерден келген кітапханалар басшыларының қатысуымен қабылданды.

 

 

«Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап - ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен».

 

 

 

Шыңғыс АЙТМАТОВ

 

Ә.Кекілбаевты әдебиетшілер қауымы тарихи тақырыпты қаузаған, өмір құбылыстарын шынайы шеберлікпен бейнелейтін реалист суреткер ретінде таниды. Дегенмен бұл сөзіміз жазушы шығармаларындағы романтикалық арнаны жоққа шығара алмайды.

«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланды. Жазушының тарихи тақырыпқа жазылған алғашқы романында романтикалық бейнелеу тәсілін аңғарамыз Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.

«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес. Сыншызерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында атаса, екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.

Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады. Ә.Кекілбаев өз шығармаларында халық жадында сақталған ескі аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады.

Ә.Кекілбаев романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат шығармаларында мифтік-фольклорлық сарынның, аңыз-әңгімелердің жиі көрініс беруі болып табылады. Ә.Кекілбаев туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық сюжетке құрылады. Жазушы аңыз әңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз жібере отырып, мәңгілік мәселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы шығармаларының бірі – «Аңыздың ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» романы тарихи тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ Темір өмірінің бір сәті көрініс бергенімен, бұл

– үйреншікті мағынадағы дерекке негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз шеңберінен шығып, қаламгерлік қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма тудырған.

Мұнда тарих – фон, кезең колориті ғана. Сыншы С.Әшімбаев романның тарихи негізін баса айта отырып: «шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді, Әмірші деп отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты– деген пікір білдіреді.

Ә.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны маңызды емес. Мәселе, оқиғаның қашан және қалай болғанында емес, болған оқиғаның адамгершілік-философиялық мәнінде. Сюжетке өткен дәуір оқиғасы арқау болғанымен, ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік, бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мәні бар мәңгілік мәселелерді қозғайды. Шығарма адамгершілік негізінің тереңдігімен ерекшеленеді. Адам жанының шындығын тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады.

«Аңыздың ақыры» романының лирикалық, романтикалық сипаты мол. Романның сюжеті үш кейіпкердің (Әмірші, ханша, шебер) төңірегінде өрбитін тарихи аңыз-әңгімеге құрылған. Жазушы өзіне таныс аңыз-әңгімені жалаң баяндаушы емес, ол аңыздық желіні жаңаша түсіндіріп, жаңғыртып, сол арқылы адам жанының терең иірімдерін ашқан композициясы күрделі, психологиялық салмағы бар дербес туынды жасайды.

Әмірші, кіші ханша мен шебердің арасындағы шарпысқан ішкі психологиялық сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен суреттеледі. Шығармада Алмас хан өмірінің соңғы айларында болған оқиға баяндалады. Хан кезекті жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын алыстан көзі шалады.

Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Ханға суық хабар өзегін құрт жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді. Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі.

Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Шығармада мұнараның атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны және шеберді өзара байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да осы мұнара бейнесімен байланысты. Ол жанданған кейіпке еніп, адам әрекетіне, адамға тән мінезге, қылыққа ие.

«Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға келеді.

Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, үн-түнсіз телміріп түрып алса, артынша-ақ төбесімен көк тіреп аспандап шыға келеді».

Мұнара бірде «күледі», бірде «мұңаяды», бірде «сұстанады», бірде «алыстан ым қаққандай» болса, бірде «жалбарынады». Шығарманы мұқият оқып шықсаңыз, мұнараның мұндай «мінезінің» сан қырына куә боласыз. Шығармада мұнара романтикалық бояумен бейнеленген. Оның қасиетін суреттеуде әсірелеу де басым.

Мұнараға қараған жанның барлығы қайран қалады. Ол шаһардағы басқа мұнараларға атымен ұқсамайтын ерекше бір сипаты бар, сиқырлы мұнара. «Әмірші сан - сапат жорықтарында талай мұнаралар мен сарайларды көре-жүре, тап мынадай сиқыр сұлулықты бұрын-соңды ешқайдан жолықтырған емес. Бірақ көзін жібермей, көңілін тұзақтап, тұсап-матап тастаған өзгеше көріктің сиқырына түсіне алмай келеді».

Романда мұнараның қасиетін айқындауда «сиқыр» сөзі онымен жиі қатар айтылады. Мұнараның сиқыры – шебердің ханшаға деген махаббатын бейнелеуінде, тіпті сол махаббаттың өзіне айналуында. Жазушы өз кейіпкерлерінің мінез-құлқын олардың сыртқы іс-әрекеттері, қимылдары арқылы емес, ішкі монолог арқылы ашады.

Жалпы алғанда, Ә.Кекілбаевтың қаламгерлік қолтаңбасына, жазу мәнеріне өз кейіпкерінің характерін, психологиялық ахуалын ішкі монолог пен авторлық баяндау арқылы ашу әдісі тән. Негізгі қақтығыс оқиғаның сыртқы сюжеттік тінінде емес, кейіпкердің ішкі әлемінде, жан дүниелерінде дамиды. Романда оқиғаның хронологиялық тәртіппен дамуынан гөрі жеке тұлғаның рухани ішкі дамуына басты назар аударылған.

Романда Әмірші - қарама-қайшылығы мол, күрделі бейне. Жазушы оны кең масштабта, жалпылама түрде бейнелеген. Сондықтан романдағы Әмірші нақты Шыңғысхан да, Ақсақ Темір де емес, кесек те күрделі билеушінің жиынтық бейнесі. Күдігі мен күмәні мол, қатал да қатыгез, сонымен бірге ақылды да аңғарымпаз жұмбақ жанның психологиясын байқайсың. Ол соншалықты сұңғыла да көреген.

Қаламгер кейіпкерінің сезімдік күйіне психологиялық салмақ артып, философиялық жинақтауларға ден қояды. Өмірінің соңғы сәттерінде ол өзінің әлемді тітіреткен әміршілік әрекетінің өткіншілігін, дүниенің опасыздығын, жалғандығын түсінеді, махаббат құдіреті алдындағы дәрменсіздігін сезінеді.

Ханша мен шеберді қатаң жазалағанымен, хан олардың жүрегіне әмір ете алмайды. Өйткені байлық пен биліктен тыс, оларға бағынбайтын махаббат, сезім құдіреті бар. Нағыз өнер туындысына тән сұлулық пен нәзіктік тек шынайы махаббаттың әсерінен туындайды. Жазушы шығармалары асқақ гуманистік пафосқа, астарлы романтикалық сарынға құрылады.

Қаламгер қолтаңбасын айқындап тұратын өзіндік ерекшелігінің бар екендігі даусыз. Соның бірі – кейіпкерлерінің жан дүниесіне тереңдеп еніп, онда өтіп жататын психологиялық иірімдерді, қайшылықтарды, сезім толқындарын аша білуінде, кейіпкер тағдырын тереңнен тарта бейнелеуінде. Оның басқа қаламгерлерден ерекшелігі адам болмысына терең бойлап, адам табиғатының психологиясын зерттеп -зерделеуінде. Ә.Кекілбаев өз шығармашылығында адам табиғатында бар жақсылық пен жамандықтың, мейірімділік пен зұлымдықтың өзара қатынасы қандай, адам өмірінің мәні не, адам құдіреті неде деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әсіресе бұл өзекті мәселелер «Аңыздың ақыры» романында өзіндік көркемдік шешімін тапқан. Жазушы романда лирикалық реңк бояудың молдығы, тілдік өрнектің эмоционалды бояуға қанықтылығы, шартты түспалдар секілді романтизм эстетикасына тән тәсілдерді шебер пайдаланады.

Лиризм романда суреттелген оқиғаға эмоциялық бояу беріп, поэтикалық мазмұн дарытқан. Шығармада лирикалық бастау шығарманың құрылысы мен стилистикасында, кейіпкер психологиясын суреттеуде де қызмет етеді. Романтикалық стиль табиғатынан туындайтын ырғақ, поэтикалық инверсиялар мен қайталаулар романға айрықша реңк беріп, әсерлілігін күшейткен. «Кейде анау тас мұнара мұның өзі сияқтанып кетеді; оның бойында да көрер көзге құлпырып тұрғанмен, әлдебір қаяулы мұң бар, бұның көңіліндегідей ғұмыры тарамайтын-тарқамайтын, өзге түгілі өзіне де түсініксіз, іштей кеміріп жататын бұйығы іңкәр, именшек құштарлық бар; батылсыз жандардың аузынан өмірі шықпай, жәудірей қараған жанарларында жартылай жас боп тұнып жататын тұптұнық, тұңғиық наз бар.

Жоқ, мынау мұнара бұның өзі емес, әлдекімнің «апырай, ұқпағаның ба» деп жазғыра қараған жанары сияқты». Жазушы бар сөзін қайталау арқылы баяндау м әнеріне лирикалық реңк, айрықша романтикалық бояу берген.

«Аңыздың ақыры» романында халық жадындағы аңыз бен романтикалық қиял, философиялық толғам мен аналитикалық суреттеу тәсілі, реалистік баяндау мен шарттылық келісті үйлесім тапқан.

 

 

 

Шығармалары :

 

1.     Кекілбаев, Ә. Елең–Алаң [Мәтін] : роман / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Жазушы, 1984. – 430 б.

2.     Кекілбаев, Ә. Заманмен сұхбат [Мәтін] : Ой толғамдар / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Жазушы, 1996. – 583 б.

3.     Кекілбаев, Ә. Махаббат мұнарасы [Мәтін] : Махаббат және хикаят / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Раритет, 2005. – 288 б.

4.     Кекілбаев, Ә. Дала балладалары  [Мәтін] :  I – том. Аңыздың ақыры. Күй: роман, повесть / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Жазушы, 2001. –  248 б.

5.     Кекілбаев, Ә. Дала балладалары [Мәтін] : II том: повестер / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Жазушы, 2001. – 232 б.

6.     Кекілбаев, Ә. Күйші [Электрондық ресурс] / Ә. Кекілбаев; Оқыған С.Әбілұлы. – Алматы: Жазушы, 2011. – CD.

7.     Кекілбаев, Ә. Күй [Мәтін] : Повесть / Ә Кекілбаев. – Алматы: Өнер, 1980. – 88 б.

8.     Қайырбеков, Ғ. Алыс та жақын жағалау [Мәтін] : (Екінші кітап) / Ғ Қайырбеков. – Алматы: Білім, 2006. – 192 б.

9.     Мопассан, Г.д. Пьер мен Жан  [Мәтін] : Ауд.Ә.Кекілбаев / Ги де Мопассан. – Алматы: "Жазушы", 1967. – 156 бет.

10. Сүлейменов, О. Арғымақтар [Мәтін] : өлеңдер / О. Сүлейменов; Аударған Ә.Кекілбаев, Қ.Мырза Әли. – Алматы: Жазушы, 2002. – 80 б.

11. Кекілбаев, Ә. Күйші [Электрондық ресурс] / Ә. Кекілбаев; Оқыған С.Әбілұлы. – Алматы: Жазушы, 2011. – CD.

12. Кеңес дәуірі (1956–1990) [Электрондық ресурс]. 9–том / жалпы ред.басқ. – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серік Қирабаев; жауапты шығарушылар: Н. Ақыш, Г. Орда, филология ғылымдарының кандидаттары. – 341 МБ. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. – 998 б.

 

Ол туралы

13. Дүйсенбаева, Ж. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы  / Ж. Дүйсенбаева. – Алматы: Арыс, 2007. – 296 бет.

14. Каменева, Е.Кемпірқосақтың түсі қандай [Мәтін] : әңгімелер / Е. Каменева; Орысш.аударған Ә.Кекілбаев.  – Алматы: Өнер, 1981. – 168 б.

15. Кекілбаев, Ә. Бір уыс топырақ  [Мәтін] : роман және повестер / Ә. Кекілбаев. – Алматы: Жазушы, 1974. – 296б.

 

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдар:

 

16. Абдрахманов, Сауытбек. Кекілбаевтың әдеби кеңістігі... [ Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаев туралы] / Сауытбек Абдрахманов, С. Қасқабасов, Д. Қамзабекұлы // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 8–14 маусым. – Б. 1, 8–9.

17. Айтаханов, Қуаныш. Ұлы Дала ойшылы [ Мәтін] : [жазушы Ә. Кекілбайұлы туралы] / Қуаныш Айтаханов // Егемен Қазақстан. – 2016. – 15 қаңтар. – Б. 8.

18. Алшымбаев Зейнолла, Халқының әрдайым жадында[ Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбайұлы] / Зейнолла Алшымбаев // Егемен Қазақстан. – 2016. – 24 наурыз. – Б. 7.

19. Асыл сөзі сарқылмаған, алдаспан жыры жарқылдаған [ Мәтін] : [Ақын Серік Тұрғынбекұлы 70 жаста] / [газ. ред.] // Қостанай таңы. – 2016. – 1 маусым. – Б. 6.

20. Аханбайқызы, Айгүл. Ел ардақтаған ер Әбіш [ Мәтін] : [жазушы Ә. Кекілбаев туралы] / Айгүл Аханбайқызы // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 23 қыркүйек. – Б. 7.

21. Оралбайұлы, Өтеген. Қазақ сөзінің Қажымұқаны [ Мәтін] : [мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлы туралы] / Өтеген Оралбайұлы//EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 12 тамыз. – Б. 7.

22. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев [ Мәтін] : [қазанама] : [жазушы] / Қазақстан Республикасының Парламенті // Егемен Қазақстан. – 2015. – 12 желтоқсан. – Б. 7.

23. Әбіш екеуміз [ Мәтін] : [Естелік әңгіме] / Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин // Аңыз адам. – 2018. – № 13. – Б. 21–24.

24. Әбіш тістеніп отырып жазатын[ Мәтін] : [Ә. Кекілбаевтың жары Клара Жұмабайқызымен сұхбат] / сұхбаттасқан Марфуға Шапиян //Аңыз адам. – 2018. – № 13. – Б. 32–35.

25. Әулие Әбіш әлемі [ Мәтін] : [қазынама] // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 18–24 желтоқсан. – Б. 4.

26. Бисенғали, Зинол-Ғабден. Ұлы Әбіштің "Шандозы" [ Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармасы] / Зинол–Ғабден Бисенғали // Қазақ әдебиеті. – 2019. – 3–9 сәуір. – Б. 4–5.

27. Біз – жер кіндігі сияқты елміз [ Мәтін] : ["Еуразия" газетіңде жарияланған Әбіш Кекілбаевтың сұхбаты] / әзірлеген Өмірзақ Ақжігіт // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 13 шілде. – Б. 4–5.

28. Сағындықова, Н. Бір ел - бір кітап [Мәтін] : [кітап - білім бұлағы] / Н. Сағындықова.

29. // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2019. – № 3. – Б. 17–19.

30. Ғұмырнама [Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірбаяны] / "Қазақстан" Ұлттық Энциклопедиясы, 4–том // Аңыз адам. – 2018. – № 13. – Б. 6.

31. Қазыбек Г. Қ., Әбіш Кекілбаев шығармаларының өзге тілге аударылу кезеңдері [Мәтін] : [келбет] / Г.Қ. Қазыбек // Парасат. – 2017. – № 2. – Б. 18, 19.

32. Қалимова, Тұрсын. Ұлт аманда – Әбіш ардақтала береді / Тұрсын Қалимова // Айқын. – 2016. – 25 қазан. – Б. 1, 5.

33. Қыдырәлі, Дархан. Алаштың айбоз абызы [ Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаев туралы] / Дархан Қыдырәлі // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 20 қыркүйек. – Б. 7.

34. Құлиев, Жұмабай. Маңдайлы ұл [Мәтін] : [жазушы Ә. Кекілбайұлы туралы] / Жұмабай Құлиев // Егемен Қазақстан. – 2016. – 15 қаңтар. – Б. 8.

35. Мәмет, Сүлеймен. Саңлақ суреткер, бойтұмар басылым [Мәтін] : [жазушы "Әбіш әлемі" атты журнал жарыққа шықты] / Сүлеймен Мәмет // Егемен Қазақстан. – 2016. – 4 қазан. – Б. 9.

36. "Мәңгүрт" ұғымын әдебиетке алғаш Әбіш әкелді [Мәтін] : [жазушы, драматург ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековпен сұхбат] //Аңыз адам. – 2018. – № 13. – Б. 14–15.

37. Молдағалиев, Тұманбай. Ерекше өмір [Мәтін] : [мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы] / Тұманбай Молдағалиев // Кітап жаршысы. – 2012. – 1 маусым. – Б. 5.

38. Мыңжасарқызы, Динара. Венгер антропологтары анықтамақ [Мәтін] : [батыр Кейкі Көкембайұлының бас сүйегі ресейден Қазакстанға жеткізілгені жайлы] / Динара Мыңжасарқызы // Түркістан. – 2016. – 14 қазан. – Б. 10.

39. Оралбайұлы, Өтеген. Ұлық атақтың ұлағаты [ Мәтін] : [қаламгер Әбіш Кекілбаев туралы] / Өтеген Оралбайұлы // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2019. – 25 қыркүйек. – Б. 11

40. Отарбаев, Рахымжан. Нартұлға [Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбайұлы] / Рахымжан Отарбаев // Егемен Қазақстан. – 2016. – 24 наурыз. – Б. 7.

41. Сағадиев, Кенжеғали. Осы заман хакімі Әбіш еді [Мәтін] : [жазушы Ә. Кекілбайұлы туралы] / Кенжеғали Сағадиев // Егемен Қазақстан. – 2016. – 15 қаңтар. – Б. 8

42. Сарай, Әнес. Жайдары Әбіш, жабырқау Әбіш... [ Мәтін] : [Әбіш Кекілбаев туралы] / Әнес Сарай // Егемен Қазақстан. – 2017. – 3 қазан. – Б. 8 ; 5 қазан. Б. 8

43. Сәуірбай, Сатыбалды. Кемеңгер тұлғаға арналған кеш: [Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кеш өтті] / Сатыбалды Сәуірбай // Егемен Қазақстан. – 2016. –11 ақпан. – Б. 8.

44. Сүлеймен, Мәмет. Кемел қаламгер келбеті [ Мәтін] : [Әбіш Кекілбаев] / Мәмбет Сүлеймен // Егемен Қазақстан. – 2018. – 1 қараша. – Б. 9.

45. Төлеуғалиұлы, Бектұр. Қаршадайынан танылған қыран [ Мәтін] : Көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлы туралы бірер ой / Бектұр Төлеуғалиұлы // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 3 шілде. –Б. 4.

46. Тұрсынбайұлы, Бағашар. Жалғыз [ Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаев туралы] / Бағашар Тұрсынбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2018. – 6 желтоқсан. – Б. 9.

47. Тұрсынбайұлы Бағашар, Асыл ердің баласы [Мәтін] : [жазушы Әбіш Кекілбаев туралы] / Бағашар Тұрсынбайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 6 қараша. – Б. 3.

48. Тұрсынбайұлы, Бағашар. Қабырғадағы ауыл [Мәтін] : [Әбіш Кекілбайұлының қарашаңырағы] / Бағашар Тұрсынбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2018. – 13 ақпан. – Б. 9.

49. Тұрсынбайұлы, Бағашар. "Төрге" шық, жас буын! [Мәтін] : ["Егемен Қазақстан" газеті мен "Әдебиет" порталының бірлескен жобасы - "Төр" әдеби клубының алғашқы отырысы өтті] / Бағашар Тұрсынбайұлы // Егемен Қазақстан. – 2018. – 12 ақпан. – Б. 9.