Жаңалықтар

 

2 қыркүйек күні Амангелді аудандық орталық  балалар   кітапханасында Тілдер күніне орай  «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» . ертеңгілік өткізілді.

Тілдің мәртебесіелдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

 

1995 жылы 30 тамыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына  биыл 24 жыл толды.  Еліміздің бас құжатына  айналған Ата Заңымыз мемлекетіміздің құрылымында, өсіп өркендеуінде, халықтың әл – ауқатының артуында ерекше рөл атқарды. Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық екенін нақты көрсетілсе, халық  референдум арқылы өз Ата Заңын қабылдап оның игілігін көруде. Осы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Айбары асқақ Ата заң»  атты кездесу кеші болып өтті. Кеш мақсаты; оқушыларға адам құқықтары, Ата Заңмыз туралы түсінік беру; өз міндеттері мен құқықтарын қорғай білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай  алу әрекеттерін дамыту.

Жол ережесін білумен оны дұрыс сақтауға ұмтылу - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.Үлкен қалаларда осынау тиісті заңдылықты орындамаудың зардабынан қаншама қайғылы оқиғалар болып жатады.