Жаңалықтар

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма алты жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде,білім, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды.

1 желтоқсан Түңғыш Президент күніне  орай Амангелді ауданы Жетібай ауылдық кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында фотокөрмеге шолу өткізілді. Көрмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы өмірі мен ерен еңбегі туралы кең мағлұмат алды.

Амангелді аудандық мәдениет уйінде 1 желтоқсан күні қазақ елінің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне аудан әкімі бастаған аудан жұртшылығынын мерекелік іс шарасы өтті. Осы іс шара аясында аудандық орталық кітапхана «Ел тарихындағы ерен тұлға» атты кең көлемде ұйымдастырылған суретті шежіре кітап көрмесінің тұсаукесері болды. Көрме бал дәурен балалық шағынан бастап, қазақ еліне сіңірген қызметтік еңбек жолы мен Елбасының жыл сайын шыққан еңбектері, ақын-жазушылардын шығармалары мен жырларын қамтыды. Көрмені мекеме басшылары, мұғалімдер, оқушылар ардагерлер, аудан халқы танысып зор ризашылықтарын білдірді. Кітап көрмесі аудандық кітапхананың оқу залында тұрақты түрде оқырмандарына жалғасын табады.

Тұңғыш Президент күні –бұл тарихи таңдау күні қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні . Тәуелсіздік пен бостандықтын игі мұраттарының баянды етіп, өркениетті  елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік, қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты.Аталмыш тақырыпқа орай аудандық орталық балалар кітапханасы  «Елбасы  күні – елдікке құрмет мерекесі» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шарамыздың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, елбасының өмірі жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, потриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сонымен қатар Елбасымызға арналған слайд  оқырмандар назарына үсынылып, және «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылып, шолу жасалды. Осы біздің іс-шарамызға ат салысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Қалиева Айгерім Мейрамханқызы атсалысты. Оқушылар тақпақтарын нақышына келтіріп, жатқа оқыса, екінші жағынан ән шырқалды. Жиналған оқырмандар ауданымыздың 4 мектептің 3-4 сынып  оқушылары, көптеген мағлұматтар алып, жақсы лебіздерін айтып тарасты.

Үрпек ауылдық округінде Жаңа ауыл орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмабек Серік Үмбетұлының ұйымдастырумен «Абай оқуы» байқауы өткізілді. Байқау төрт бөлімнен болды. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу, Абай әндері, Ақындық өнер, байқау барысында өлең шығару. Жеңімпаздар анықталып аудан орталығында өтетін «Абай оқуы» байқауына лайықты деп таныды.