Жаңалықтар









13 Наурыз күні Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  IV аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылады. Байқау тақырыбы: «Балдаурен балалық шақ!» Байқауға таңдалатын туынды қазақстандық жазушылардың сонымен қатар Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен (жасөспірімдер үшін жазылған туындылар немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шектелді. Байқауға бағын сынау үшін 12 үміткер қатысты.

Үрпек ауылдық округінде  «Ана отбасы шамшырағы» аты дөнгелек стол басындағы кездесу өткізілді. Дөңгелек столды ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш ұйымдастырды.

Дана халқымыз қыздарын қадір тұтып, үміт артып, аялап қорғап мәпелеген. Дархан даланың барлық сұлулығын аруға теңеп, нәзіктігін жырмен тебірентіп, ақыл- парасаттын үлгі тұтып даралаған.

Қазақ халқы – тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді.