Жаңалықтар

 

1995 жылы 30 тамыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына  биыл 24 жыл толды.  Еліміздің бас құжатына  айналған Ата Заңымыз мемлекетіміздің құрылымында, өсіп өркендеуінде, халықтың әл – ауқатының артуында ерекше рөл атқарды. Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық екенін нақты көрсетілсе, халық  референдум арқылы өз Ата Заңын қабылдап оның игілігін көруде. Осы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Айбары асқақ Ата заң»  атты кездесу кеші болып өтті. Кеш мақсаты; оқушыларға адам құқықтары, Ата Заңмыз туралы түсінік беру; өз міндеттері мен құқықтарын қорғай білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай  алу әрекеттерін дамыту.

Жол ережесін білумен оны дұрыс сақтауға ұмтылу - бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.Үлкен қалаларда осынау тиісті заңдылықты орындамаудың зардабынан қаншама қайғылы оқиғалар болып жатады.

Еліміздің егемендігі нығайтып, ертеңісіне сеніммен қадам басқан шағында  заманына сай адамын тәрбиелеу- басты міндет.

26 шілде күні Амантоғай ауылының мәдениет үйінде ауылымыздың төл перзенті, жерлесіміз Шаяхметов Ғалымжан Әлібекұлының «Махаббат екен байлығым» атты үш кітаптан тұратын прозалық шығармашылық  кешінің тұсау кесер рәсімі өтті.  

Ойыл аудандық орталық кітапханасы аудандағы мәдени мекеменің бірі. Ол «Қызыл отау» негізінде 1927 ж. құрылды. Мұрағат құжаттарына сүйенсек сол кездегі