Жаңалықтар

Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр  Саяси қу­ғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге Ә. Боранбаев орта мектебінің оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953ж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді.  Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына 2015 жылы құрастырылған Амангелді ауданының соғыс және еңбек ардагерлерінің «Даңқ кітабы» биылғы жылы Әміржанов Хамит Уадутбекұлының демеушілігімен жарыққа шығарылды.

9 мамыр – Биыл адамзат баласының теңдесі жоқ бақыты – Ұлы жеңіске  74 жыл!

9 мамыр – Жеңіс күніне орай халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының майдан және тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбектерін ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, тарихымызды тереңнен тануға баулу мақсатында Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Жеңістің рухы мәңгілік» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Іс-шара бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алауға арналған бір минут үнсіздікпен басталды.

Амангелді аудандық орталық кітапханасында қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері-Әйтеке  Байбекұлының туғанына 375 жыл толуына орай ерлік сағаты өткізіліп,  «Қара қылды қақ жарған әділ би» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.