Жыл сайын ақпан айында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні Үрпек ауылында аталып өтіледі. Жаңа ауыл орта мектебінің кітапханашысы Жетпісбаева Жұмагүлсімнің ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында ақиық ақынның туған күніне орай жас қаламгерлер мүшайрасы өтті. Кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасап өтті. Жыр мүшайрасын 9 сынып оқушылары Нұрқанов Ильяс және Қонақбаева Айбибі жүргізді. Сайыстың шарттары «Жырыңнан қуат алам», «Жазары бар жас қалам», «Өзге тілдің бәрін біл» бөлімдері бойынша болды. Мүшарайға 20 бала қатысып, бақтарын сынады. Болашақ жас қаламгерлер анықталды. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз туындыларын ұсынып, үш тілге ақын өлеңдерін аударған 11-сынып оқушысы Сәрсенғали Жанерке 1-орынға ие болды. Тілегенов Нұртөре 2- орын, 3 орынға Сейткамалова Дамира ие болды. Болашағынан көп үміт күттіретін жас қаламгерлер Әлімжан Ақерке, Табылғанова Динара, Зейнуллина Әйгерім алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңында ақынның «Туған өлкем» әнін Сейткамалаова Дамира нақышына келтіре орындады.

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы

Амангелді ауданы

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы