Үрпек ауылдық округінде 5 шілде Астана күні мерекесіне орай оқырман қауымға  «Ару қала-Астана» атты іс шара өткізілді.

Астана үшін  Елбасының еңбегі өте зор., Елбасының еңбектері,  жетістіктері жайында кітап көрмесі жасалып, ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы  көрмеге шолу жасады. 30 жыл кітапханада қызмет атқарған, қазір зейнетте отырған ардақты апамыз Кәкімішқызы Шағылархан апай апай қатысып, балаларға өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.
Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Ауыл клубы жанына оқушылар көп жиналды. Викториналық ойындар ойналып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Балалар  асфальтқа Астана жайында түрлі суреттер салып жарысты. Балалар қиялымен салынған суреттер өз мәресіне жетіп, ең жақсы салынған суреттері марапатталды. Қатысқан балаларға тәттілер үлестірілді. Іс шараға белсене қатысып, сурет байқауында І-орынға Зейнуллина Әйгерім, ІІ-орынға  Жангелдіқызы Жәния, ІІІ-орынға  б Шәкірова Жаннұр ие болды Іс шара соңы клуб меңгеруішісі Жұмағанбетова Айгүл Хайроллақызының ұйымдастырған балалардың көңілді биіне ұласты.