Үрпек ауылдық округінде Астана күні мерекесіне орай «Ару қала-Астана» атты іс шара өткізілді.

Астана үшін  Елбасының еңбегі өте зор. Елбасының еңбектері,  жетістіктері жайында кітап көрмесі жасалып, ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы  көрмеге шолу жасады. 30 жыл кітапханада қызмет атқарған, қазір зейнетте отырған ардақты апамыз Кәкімішқызы Шағылархан апай қатысып, балаларға өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлығұлұлы қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Викториналық ойындар ойнатылды. Балалар  асфальтқа Астана жайында түрлі суреттер салып жарысты. Балалар қиялымен салынған суреттер өз мәресіне жетіп, ең жақсы салынған суреттері марапатталды. Қатысқан балаларға тәттілер үлестірілді. Іс шараға белсене қатысып, сурет байқауында І-орынға Зейнуллина Әйгерім, ІІ-орынға  Жангелдіқызы Жәния, ІІІ-орынға  Шәкірова Жаннұр ие болды. Іс шара соңы клуб меңгеруішісі Жұмағанбетова Айгүл Хайроллақызының ұйымдастырған балалардың көңілді биіне ұласты.