Елбасы Н. Назарбаев «ХХІ ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі- кітапхана» деп атап көрсеткеніңдей, ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапхананың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Әрбір жас ұрпақ тың санасын, дүниетанымын ақпарат арқылы кеңейтіп, рухани байлығын дамытуда, бір-бір мамандық иесі болуына көмектесетін мәдениет пен білім ордасы-кітапхана десек, артық айтқандық емес.

Кітапханада баспасөз шығармаларын жинақтау, сақтау, насихаттау мен қатар, оқырмандарға қазақ әдебиетіндегі белгілі жазушылардың шығармаларын таныстыру, оқырман сұранысын қанағаттандыру, насихаттау аясында, орталық кітапхананың кітап өңдеу және толықтыру бөліміне -2018 жылы 3988 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті. Соның ішінде қазақшасы-3405 дана әдебиеттер. Адамзат баласы өзіне қажетті деректерді тек қана кітаптан таба алады. Сондықтан да, жас ұрпақтың санасы терең, ойы ұшқыр болады.Белгілі жазушылардың туындыларынан: Ә. Асқаровтың шығармалар жинағының ІҮ-томы, Ө. Әбдиманұлының шығармалар жинағының І-ІІ томдары, Б. Есенәлиевтің «Жанымның жәдігерлері» атты шығармасының І-томы, «Сана сандығы» атты әдебиеттің ІІ-томдары, М. Айымбетовтың таңдамалы шығармалары, К. Адырбектің «Тәуелсіздікке талпыныс» атты публицистикалық мақалалары, тарихи шығармалардан: Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», «Қазақ халқының тарихи шығармалары», Ж. Асанұлы «Ер Едігенің тарихы», Алаш ардақтысы Ә. Бөкейдің шығармалар жинағының І-ІІ томдары, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген кітаптар келіптүсті. Мысалы: «Үстірттегі көненің көздері», «Алтай. Алтын бесік», «Сыр ескерткіштері», «Басында Қазығұрттың кеме қалған», «Шежірелі Ақтөбе», т.б.

Жергілікті бюджеттен 315 дана әдебиеттер алынды. Көбісі, жас бүлдіршіндер мен балаларға арналған ертегілер. Мысалы: «Қаңбақ шал», «Гулливердің саяхаты», «Питер Пеннің басынан кешкендері», К. Ломбардың «Дара мен таяқ», «Кинотеатр», Г. Андерсеннің ғажайып және таңдамалы ертегілері, т.б. Музыка жанрынан: «Қазақ халық әндері», «Қазақстан композиторлары», М. Әбуғазының «Қазақтың қара домбырасы» атты т.б.

Мың өліп, мың тірілуімен азаттықа жеттім деген қазақтың о бастағы арманы да - білімді, мәдениетті ұлт болу емес пе еді. Ал, бүгінгі мақсат – дамушы емес, дамыған елдер мен терезе теңестіру. Бұл тек төл тарихымыз бен әдебиетіміз арқылы ғана жемісті бола алады. Ендеше, оқудан қол үзбейік – оқырман қауым! 

 

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Аманкелді орталық кітапхананың

кітап өңдеу және толықтыру бөлімінің

кітапханашысы: С. Қалиева