17 қаңтар – аманкелдіктер үшін қадірлі күндердің бірі. Өйткені, бұл күні ауданымыз құрылып, жеке шаңырақ көтерді. Сондықтан да, оның туған күнін жыл сайын атап өту тағылымы болмақ. Мұның әсіресе жас ұрпаққа тигізер ықпалы, тәрбиелік мәні айтарлықтай маңызды.Тарихтан сыр шертер болсақ, Амангелді ауданы, Қостанай облысының оңтүстік – шығысындағы аудан. Алғаш Батпаққара деген атпен 1928 жылы 17 қаңтарда құрылды. 1936 жылы оған Амангелді батырдың есімі берілді. Амангелді – облыстың ең ірі ауданы, оның аумағы – 22650 шаршы шақырымнан асады. Аудан мал өсірумен шұғылданады. Жақында  туған өлкеміздің, туған ауданымыздың  құрылғанына  91 жыл толуына орай Амангелді Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Қандай көркем, туған өлкем!» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды.Өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайында білімін жетілдіруге, туған елінің, жерінің тарихын зерттеуге және патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында кең көлемде кітапхана қызметкерлеріне таныстырылды.