Аудандық орталық балалар кітапханасына  «Жұпар» балабақшасының бүлдіршіндері  біздің кітапханаға"Оқы, талма, түй санаңа бал бөбек  " атаумен саяхат жасады. Кітапханаға алғаш рет келген бүлдіршіндерге  кітапхана меңгерушісі  Зарина  Амантайқызы  кітапхана жұмысымен, тарихимен, кітапты қолдану ережесімен таныстырды. Кітапханада орын алған "Кітап мерей тойлары", "Бір ел - бір кітап ", " Кел, ертегі тындайық", "Әлем әдебиетінің жайhарлары", "Бүлдіршіндерге арналған " атты кітап көрмелеріне шолу жасалды. Сонымен қатар бүлдіршіндермен ойындар ойнатылды.  Іс-шара өте танымды , қызықты өтті. 


Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық

 орталық балалар кітапханасы.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы