Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 2019 жылдың 12 ақпан күні Амангелді аудандық орталық балалар  кітапханасында «Ұлы даланың мәңгілк тарихы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  оқырмандарға шолу жасалды. Көрме барысында Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы ұлттық мәдениетті іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұраларын насихаттау, жастарға қазақ халқының даналығын,Ұлы даладағы дүние тарихындағы рөлін жеткізу маңызды міндет екенін атап өттік. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор. Бүгінгі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, оның әр бөлшегін қастерлеуі, бағалауы, мақтан тұтуы керек деп ойлайтынын айтып,біз еліміздің Мәңгілік елге айналып, әрдайым өркениет көшінің басында жүруіне аянбай қызмет етуіміз қажет! – деп сөзін қорытындылады кітапхана мегерушісі Зарина Амантайқызы. Кітап көрмеге Ұлы даланың «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» және «Аң стилі» атты жеті қырына жеке тоқталады. Мақаланың жан-жақтылығымен және мәдени құндылықтарға ерекше мән береді.30-ға жуық әдебиет пен мерзімді басылымдар  бетінде жарияланған мақалалар, фотоматериалдар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.

 


Кеште оқушылар тарпынан сұрақтар қойылып, алған жауаптарынан өз бойларына рухани тәлім-тәрбие алды.

 

Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы

Қостанай облысы,Амангелді ауданы

 

 

Оқушылар