Тарих үнемі жаңаланып тұрады, десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елін, жерін қорғау үшін көптеген ер азаматтар соғысқа аттанды. 1979 басталған соғыс 10 жылға созылды.


1989 жылдың 15 ақпаныңда Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды. Бұл соғысқа 22мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты,21 жауынгер хабарсыз кетті. Содан бері 30 жыл өтіпті. Осыған орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбымен Ауған соғысының ардагері Байниязов Абылай Мұхтарұлымен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында курескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу,Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.

Абылай аға Кеңес әскер қатарына 20 жасында шақырылған. Әуелі Читада, Белогорск деген қалада қызмет еткен. Ауылда жүргенде 16 жасында жүргізуші куәлігін алып, әскерге барған сонда машина жүргізген. 1979 жылдың желтоқсан айында әскер қатарындағы солдаттарды шұғыл түрде құпия жағдайда жолға дайындады. Мәнісін Ауғанстанға барып, сонда білген. Абылай аға Ауған соғысында да жүргізуші болып істеген. Кабулға келіп күн сайын жүк тасыған. Ауған соғысы түсініксіз, соғыс болған. Күн сайын жарылыстар.

1980 жылдың аяғында елге аман есен оралып, 1981 жылы Бейсенова Орынкүл апаймен шаңырақ көтерген. Қазіргі таңда екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Үш немересі бар. Ауылмыздың қадірлі азаматы.

Абылай аға мықты жүргізуші, әскерде, Ауғанстанда  бірнеше рет мақтау қағаздарын, сонымен қатар медальдар алған. Абылай аға кездесуде оқушыларға Ауған соғысы жайлы көзімен көргендерін айтып, соғыстың зардабы көп болатының түсіндірді. Оқушылар кешке өздерінің дайындап келген өлең-жыр шумақтарын арнады. Кеш соңында Абылай аға оқушыларға батасын беріп, алғысын білдірді.

 

Амантоғай ауылының кітапханашысы:           Қойжігітова А.Т.