Қазақ халқы – тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. 


Алғыс айту күнін жылдың ең сыпайы күні деп атауға болады. Бұл күні адамдар бір-біріне ілтипат білдіріп, көңілді жүрулері тиіс. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы.

Айтулы тақырыпқа орай  Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы 1-наурыз Алғыс айту күніне  орай «Алғыс айту-парызым!!!» мейірімділік бумеранг оқушылармен өткізді. Шараға Ы. Алтынсарин атындағы 5 сынып оқушылары  біздің кітапхананың тұрақты оқырмандары  қатысты.  Іс-шара барысында көрнекіліктер қолданылып, оқушылар  «алғыс» туралы ойлары тыңдалды.



Амангелді аудандық орталық

балалар кітапханасы