Дана халқымыз қыздарын қадір тұтып, үміт артып, аялап қорғап мәпелеген. Дархан даланың барлық сұлулығын аруға теңеп, нәзіктігін жырмен тебірентіп, ақыл- парасаттын үлгі тұтып даралаған.


8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай аудандық орталық кітапахананың ұйымдастыруымен  «Қыз еркем, қылығымен көркем!» атты кездесу кеші өтті. Мақсаты; Оқушыларға дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қазіргі таңда әйелдер араласпайтын сала жоқ деуге болады. Қоғамның барлық саласында жауапты қызметкерлердің тізгінін ұстап жүрген ару жандар көп. Сондай асыл жандар, кешіміздің қонағы. Жұпар балабақшасының тәрбиешесі Немзорова Светлана. Cаз мектебі мұғалімі Құлтаиева Ақтоты, Аудандық қаржы бөлімінің методисті Әбдіғалымова Арайлым, қатысты. Кездесу кешіне келген аруларымыз өздерінің отбасы жайлы, өз салалары бойынша қызықты әңгімелерін айтып, ойларын ортаға салды. Кеш қызықты әрі тартымды. өтті. Кешке жиналғандарға сұрақтар қойып, қыздардың әсерлі жауаптарын тыңдады. Кеш соңы ән – шашуға ұласып, келген қонақтарға сыйлықтар берілді.

 

Әміржанова Мөлдір

Амангелді аудандық

орталық кітапхана

қызметкері