Үрпек ауылдық округінде  «Ана отбасы шамшырағы» аты дөнгелек стол басындағы кездесу өткізілді. Дөңгелек столды ауыл кітапханашысы Нұржанова Майраш ұйымдастырды.


Тәлім –тәрбиелік мәні бар аудиожазба тыңдалды. Ене тәрбиесін көрген келін ретінде Әмірова Ақтұрсын, Мұхтарова Жанар, Жалмағанбетова Гүлжаухар, Альмағанбетова Алмагүл, оз ойларын ортаға салды.

 Іс шара барысында қатысушы аналармен викториналық ойындар ойналды. Түрлі сұрақтар қойылып аналарымыз бала тәрбиесімен ғана айналысып қоймай, өздерінің білімді екендіктерін көрсетті. Жетпісбаева Күнсұлу, Шілдебаева Махаббат, Дастенова Гүлбақыт, Сейдина Тамаша, белсене араласып, сұрақтарға еркін жауап беріп отырды. Отырыс соңы көңілді биге ұласты.

 

 

Үрпек ауылының кітапханашысы:

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы