13 Наурыз күні Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  IV аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылады. Байқау тақырыбы: «Балдаурен балалық шақ!» Байқауға таңдалатын туынды қазақстандық жазушылардың сонымен қатар Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен (жасөспірімдер үшін жазылған туындылар немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шектелді. Байқауға бағын сынау үшін 12 үміткер қатысты.

 
Сайыскерлердің өнерін бағалау үшін   Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сейдин Сағынғали Зәкірұлы, Аудандық орталық кітапхаансының директоры Мусабаева Көркем Амнтайқызы. Нағашыбай Әбдіғали. «Нұр Отан» партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Білім бөлімінің әіскері Сайлауова Жансая Сейітбекқызы қазылық етті.


Әділ қазылар алқасы мүшелері байқаудың талабы бойынша, қатысушылардың таңдап алған шығармаларына, мазмұнына, оқу мәнеріне, сөздің анық болуына, актерлық шеберлігіне, сандай-ақ, сыртқы келбеті мен сахна мәдениетіне мән беріп, тиісті бағаларын қойып отырды.


Байқау нәтижесі бойынша Ана тілімізді ардақтап, сөз құдіретімізді қастерлеп, шығарманың шырайын шығарып, IV аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауында өз шеберлігін  көрсетіп, бас жүлдені иеленген  Үрпек ауылы мен Құмкешу ауылынан келген Тұрлығұлова Дарина мен Қабсалықова Дильназ облысқа жолдама алды. 1 орынды Үштоғай ауылынан келген Қамбар Нұртөре мен Тасты  ауылынан келген  Бақытжанқызы Марал женіп алды. 2 орынды Қарасу ауылыынан келген Мұханбетқали Әлішер мен Қолдасбаев орта мектебінен келген Қабимолда Тілек женіп алды. 3 орынды Тасты ауылынан келген Әубакирова  Ақжүніс пен
. Қолдасбаев орта мектебінен келген Марат Айша женіп алды. Жеңінпаздар мен байқауға қатысқан қатысушыларға мақтау қағаздармен сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.

 


Зарина Амантайқызы

 Қостанай облысы,Амангелді ауданы