Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. 
  
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Барлық балалар кітапханасында түрлі байқаулар, кітап көрмелері ұйымдастырылып, бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылады. Осы күнге орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапхана қызметкерлері ауданымыздың «Жұпар» балабақшасын  кітапханаға апталықтың 1 күніне қонақ етті.  Кішкентай бүлдіршіндеріне  «Ертегілер әлемінде» атты ертеңгілік өткізді.  Кешке қызыл телпек келіп  кішкентай бүлдіршіндерді ертегі кітаптармен таныстырып,  ертегісін оқып берді. Балаларға ертегіні тыңдата отырып, қарлығаштың адамға дос екенін, дәуіттің адалдығын тусіндіріп, балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету, табиғатты сүюге, аялау керектігін  айтып өтті.  Сонымен қатар Почтальон Печкин да кітапханамызға қонаққа келіп, алып келген хаттарынан жұмбақтарын тығып, бұлдіршіндер өз жылдамдығымен шапшандығымен жақсы ат салысып отырды.   Кеш барасында Микки Мауста жүріп бүлдіршіндердің көңілін көтеріп жүрді.   Кеш өте тартымды бимен әнмен өз жалғасын тауып, бүлдіршіндерге тәттілер таратылды.  

 

Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық

балалар кітапханасы