2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні. Балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай белгіленген  күн 1967 жылдан бастап аталып келеді. Кітап – адамның дүниетанымын кеңейтеді.  Еліміздегі барлық балалар  кітапханасы бұл күні түрлі байқаулар мен жарыстар, ойындар өткізіп,  кітап туралы түрлі көрмелер ұйымдастырады. Бүлдіршіндердің көктемгі шуақты демалысында дәстүрлі түрде өтетін осы күнге орай Амангелді аудандық орталық  балалар кітапханасының қызметкерлері аптаның  әр күніне  бірнеше іс-шара ұйымдастырды.  Биылғы мереке өте қызықты әрі ерекше көңіл күймен өтті, бұл күндері  кішкентай  оқырмандарды көптеген қызықтар: викориналық тапсырмалар, байқаулар, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлері, ең бастысы кітаппен кездесу күтіп тұрды.

Апталықтың әр күні балалар әдебиетінің жанрларына арналды:  ертегілі   шытырман оқиғалы  көңілді өтті. Бүлдіршіндерге ертегі кейіпкерлері бейнесіне енген кітапханашылар «Қызыл телпек » орыс халық ертегісі бойынша балаларға театрландырылған көрініс ұсынып, ертегілер әлеміне жетеледі; «Кітаптар қиялының жәрмеңкесі» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Кітаптың жұмбақ әрі еліктіргіш әлеміне тап болған балалар өз білімдерін, біліктіліктерін, тапқыштықтарын викориналық тапсырмаларда көрсетті, олардың  зор еңбектері үшін кітапхана қызметкерлері тәттілер үйлестірді.

Кітап апталығы балаларға жаңа білім, сонымен  қатар жақсы көңіл-күй  сыйлады.

Мусабаева Зарина

Қостанай обл,Амангелді ауданы

Аудандық орталық баллар кітапханасының

 меңгерушісі