Амангелді аудандық орталық кітапханасында қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері-Әйтеке  Байбекұлының туғанына 375 жыл толуына орай ерлік сағаты өткізіліп,  «Қара қылды қақ жарған әділ би» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Кеш мақсаты-қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру.

Әйтеке  би бабамыздың қазақ тарихында,оның ішінде ХVIIҒ.екінші жартысындағы қазақ қоғамында алатын орны зор. Ол 1644 жылы Өзбекстандағы Нұрата тауының етегінде дүниеге келіп, қазақ халқының ел болып сақталып қалу жолындағы күресі кезеңінде өмір сүрді.Өйткені сол заманда сыртқы жаулармен қатар ,ішкі тартыстар да қазақ мемлекеттілігіне қауіп төндірген еді.Сол тұста қазақ қоғамындағы билік жүйесінің нығаюына үлес қосты.Оның айқын көрінісі-бабамыздың 1680 жылы Тәукенің хан болып сайлануына ерекше атсалысуы болды. Сонымен бірге Әйтеке би «Жеті Жарғыны» жасақтауға қатысып, «Сүйек құны», «Өнер құны» сияқты жаңа баптарды енгізгені белгілі.

1700 жылы өмірден өтіп, Өзбекстанның Нұрата ауданы,, Сейітқұл қорымына жерленген.

 

Атадан бота қалмасын,бата қалсын,

Ботаның құны-бір-ақ жұт,

Батаның құны-мәңгілік құт.

                                             Әйтеке би

 

Амангелді аудандық орталық   кітапхана қызметкері Қалмағанбетова Г.