9 мамыр – Жеңіс күніне орай халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының майдан және тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбектерін ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, тарихымызды тереңнен тануға баулу мақсатында Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Жеңістің рухы мәңгілік» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Іс-шара бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алауға арналған бір минут үнсіздікпен басталды.

Шарада оқырмандарға Жеңіс күнінің тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып маңызы арта түсетіні және ардақты да аяулы ағаларымыздың ел басына күн туған қастерлі шақта ортақ Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қорғау жолындағы теңдесі жоқ қаһармандық ерліктері жан-жақты айтылды.Сонымен қатар «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылып, шолу жасалды. Кешімізге Ы. Алтынсарин жалпы білім беретін орта мектебінің 2 сыныптың сынып жетекшісі Ахмеджанова Айгулдің оқушыларымен жеңіс күніне орай тақпақтарын арнап, жатқа оқыса, Жұпар балабақшасының бүлдіршіндері «Катюша» биін билеп көрермен ықыласына бөленді. Кеш соңы қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.

Зарина Амантайқызы

Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі.

Қостанай облысы, Амангелді ауданы.

.