Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына 2015 жылы құрастырылған Амангелді ауданының соғыс және еңбек ардагерлерінің «Даңқ кітабы» биылғы жылы Әміржанов Хамит Уадутбекұлының демеушілігімен жарыққа шығарылды.

Ұлы Отан соғысы адамзат санасында ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болмақ.

Бұл қастерлі мейрамның мән-мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жас буын ұрпаққа өсиет боларлық-Ұлы күн!
Аталмыш жинақта Ұлы Отан соғысы жылдарында өз өмірлерін құрбан еткендер,тылда еңбек жасаған аға –апаларымыздың өмір жолдарына шолу жасалған. Олар:

 

 


Байдилдин Хайролла,
Мұқанов Ертай,
Байдәулетов Сапабек,
Бекмурзин Қабиболла,
Сейдағалиев Төлеубай,
Мақышұлы Төлеш,
Тәукенов Нұрхан,
Әміржанов Мирасбек,
Ахметов Сейіл,
Тоқсейітов Шоқпарбай,
Көбенов Әбдірахман,
Ахметов Сұлтан,
Жаңабайұлы Байту,
Қарқабатов Бекназар,
Родионов Петр,
Жұманов Асқар,
Байтеміров Досмағанбет,
Нұржанов Іскендір,
Батырбеков Тайжан,
Бәйішов Ғалымжан,
Есмағанбетов Серікбай,
Жұманов Асқар,
Италмасов Тұяқбай,
Қалмағанбетов Жағыпар,
Медетов Елеусіз,
Молдағалиев Асқар,
Молдашев Байдақ,
Ағатанұлы Тұрған,
Мұсабаев Қуандық,
Мырзахметов Дүйсенбек,
Наурызбаев Бөстекбай,
Нұрбаев Махмұт,
Нұрғазин Мырзақан,
Нұрманов Әбдіхамит,
Нұрманов Шаймерден,
Омаров Мұса,
Саржанов Темірғазы,
Сейділдин Бөкеш,
Тұрмағанбетов Ерхан,
Уаисов Абдуахит,
Уаисов Хамит,
Шметов Бәшір,
Биекеұлы Ғалы,
Оспаов Қапыш,
Қауынбаев Шәкір,
Қалиев Насыбай,
СЫздықов Қапар,
Әбішев Мәулен,
Хайруллин Уәли,
Жанғабылов Жаңбыршы,
Абжанов Ғабдолла,
Қолдасбаев Бірмағанбет,
Әлмағанбетов Бөгетбай,
Мұсабаев Жақсылық,
Ізтілеуова Айған,
Абдикадырова Алтын,
Байғожа Рәзия,
Аренов Дүйсенбай,
Шағыров Ахмадия,
Нұржанов Әбдісалық,
Жанауов Замза,
Кеделбаев Уаш,
Новицкий Федор,
Әбжанова Еркеш,
Ташенов Бірзада,
Сейдахметов Шауқыт,
Ыбышева Зәмен,
Аймағанбетов Хамза,
Бектепбергенова Бижамал,
Тұрғанов Қайыржан,
Әбілбеков Ақан,
Жанарбаев Әбдіжамал,
Жолмағанбетова Маруся,
Құлпейісов Жақыпбек,
Құсайынұлы Қаралақ,
Оралбайұлы Нұрқаси,
Әкімқұлов Шәйділда,
Шаяндин Бисапақ,
Нұғманұлы Мұхамедриза.
Осы аталған ардагерлердің ұрпақтары бұл кітапты аудандық орталық кітапханадан ала аласыздар .
Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде.Бірақ олар жасаған ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Алдағы уақытта кітапты толықтырып, соғыс және еңбек ардагерлері туралы мәліметтер жинақтау жұмысы жалғасады.Кітаптың келесі шығарылымына соғыс даласында және тылда қажырлы еңбек еткен ата-бабаларын кіргізем деген ұрпақтары болса Амангелді аудандық орталық кітапханаға құжаттарыңызды тапсыруға болады.
Мекен-жайымыз: Амангелді селосы,Дүйсенбин көшесі ,38 үй,Аудандық орталық кітапхана
Байланыс телефоны:21-3-99
Эл.пошта:aman.kitaphana@mail.ru

2019 жылы жарық көрген «Даңқ» кітабына тікелей қаржылық көмек көрсеткен батыр ауданының тумасы, Қаржы ісінің үздігі,туған жердің көркеюіне,өсіп-өркендеуіне үлес қосып ,кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып жүрген жерлес бауырымыз Әміржанов Хамит Уадутбекұлына алғысымыз шексіз!

 

Мусабаева Көркем Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық кітапхана директоры.