Аудандық орталық кітапхананың оқу залында 31 мамыр  Саяси қу­ғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге Ә. Боранбаев орта мектебінің оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953ж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді.  Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.