Үрпек ауылдық кітапханасының және клуб меңгерушісінің ұйымдастыруымен  ауыл клубында  1 маусым Балаларды қорғау күніне орай  «Бақытты балалық» атты ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгілікке Ағаштыкөл ауылынан келген Бүркітов Бекзада мен Сахирина Ақсұлу апай балаларға ақ тілегін арнады.  Қаржаубай Бақыт, Шамшиденов Сержан және  Фархадқызы Аруай ән мен жырдан шашу шашты.  Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақ балалар да қатысты.

Ауыл тұрғыны Елемесова Зәбира балаларға демеуші болып, тәттілер сыйлады. Ауыл медбикесі Шакенова Райхан, ауыл тұрғындары Құралай, Жайна немерелерімен, балаларымен бірге ойынға қатысып, іс-шараның қызықты өтуіне атсалысты. Ауыл клубының алдында әртүрлі ойындар ойналды. Сондай-ақ Амангелді аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен өткен «Алтын сақа» сайысына қатысқан  Қаржаубай Бақыт  жүлделі 2 орынға ие болып  қайтты. 

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы