Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді  құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. 16 маусым Медицина қызметкерлерінің күніне орай Амангелді аудандық орталық  кітапхананың ұйымдастыруымен  «Дені сау ұрпақ – елдің болашағы» атты кездесу кеші өткізілді. Кешіміздің қонақтары Андирова Гүлнар Сәтеновна, Елікбаева Айшагүл, Аяшовна аурухана акушері, Ерғабылов Жанай» Қызыринович аурухана хиругі және мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.  Сонымен қатар «Денсаулық – болашақ кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - денсаулық  адам баласының қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру; оқушылардың салауатты өмір салты туралы ұғымдарын кеңейту, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Кеш барысында  медицина қызметкерлерінің әсерлі әңгімелері көрермендерімізге ерекше серпін берді. Кеште Амангелді ауданның әншісі Қылдыбаев Олжас  қонақтарға ән – шашуын тарту етті. Іс – шара соңында қонақтарға сый – сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.

 

 

 Амиржанова М.Е. 

Амангелді аудандық орталық

кітапхан қызметкері