Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп  бізге егемендік алып берді.

Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандыққа душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында.

Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мен, сіздер бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ер жетіп  келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілуі және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы, жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Осы орайда аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Жалынды жастар – ел болашағы» атты дөңгелек стол өткізілді. Іс-шараға аудан жастары және Амангелді ауданының «Алтын кітабына» енген Темірбай Ботагөз және Амангелді орта мектебінің үздік оқушысы Есетова Ғанибет  шақырылды.  Дөңгелек үстелде көтерілген тақырыптар, жастар жылында қандай мәселелерге басымдық берілді? Жастар жылы дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не? Жастар қандай іс атқаруы тиіс?  тақырыптарында әңгіме өрбіді.

 Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарымыз әрбір жас өзінің туған отанын, елін, жерін жанындай сүйіп өсуі керек. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жалынды жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда, бүгінгі жас ұрпақпен мақтанамыз.

  

 

Р.Алмағамбетова

Амангелді аудандық

кітапхана библиографы