Жаз келсе ойымызға көкке шығу, жағажай жағасы,жаздық лагерь келері анық..

Тоғыз ай оқып жан сергітер жазғы уақытта балалардың күнін көңілді өткізуде біздің кітапхана да тыс қалмай іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай іс-шаралардың бірі білімнің кітап арқылы берілетін,кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, Кітапқа деген қызығушылығын арттыру және жазғы демалыста кітапханаға тарту мақсатында «Мен, Жаз және Кітаптар айырылмас шын достар» атты тасқа салу сайысы өткізілді. Сайысқа ауданымыздың «Жұпар», «Қаламқас», «Балдырған» балабақшамыздың бүлдіршіндері қатысып, белсенділік танытты. Сайыс нәтижесі бойынша бүлдіршіндер  орындар беріліп, марпатталып, тәттілер тартылды. . Іс-шара барсында тақпақтар оқылып, би билеп, қызықты өтті.

Кітапты үзбей оқып, өзімізге сенімді дос ете білуіміз қажет. Кітаптан алған білімдеріңмен самғап ұшып, білімнің биік шыңдарына көтеріліп, Қазақстанымыздың Туын, мәртебесін жоғары көтеретіндей саналы ұл - қыз болып өсе беріңдер деген мақсатта,   біз үшін жаз тағы бір жағымды  оқиғамен, қызықты жаңалықтармен бізбен бірге  өткізуге болады.  Сондықтан Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасына жазғы оқу бағдарламасына шақырамыз. 

 

Зарина Амантайқызы

Қостанай облысы,Амангелді ауданы

 Аудандық орталық балалар кітапханасының

меңгерушісі