Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Қазақтан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат. Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң!» атты дөнгелек стол, танымдық сағатын өткізді. Мәдени шараға оқушылары қатысып,. Ата заңымыз туралы, еліміздің рәміздері туралы, сөз еркіндігі жайлы оқырмандарға ақпараттар берді. Оқырмандар түрлі сауалдарға жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Мәдени шараға қатысушылар бір-бірін конституция күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Осындай айтулы күндерді, тамыры тереңге кеткен тарихымызды, жеткен жетістіктерімізді еске алып, жас ұрпақтың бойына сіңіріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз! Мәдени шара барысында «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз» атты кітап сөресімен таныстырылды.

                                                        Мусабаева Зарина Амантайқызы 

Қостанай облысы,Амангелді ауданы

Балалар кітапханасының меңгерушісі.