(Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ. сайысы)

Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – атам заманнан қорланып, сұраптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл- көсір фольклоры бар халық.  Соының ішінде мақал-мәтелдерге бай ел. Қазақ ақын, шешен халық. Өте бай сөздік қорын, аса икемді жасампаз көркем тілін өмірдің барлық саласында орны-орнымен жүйелі пайдалана білген.

Мақал- сөз анасы. Әдемі  ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекті не шешендік қара сөзбен айшықталған, қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөздердің мәйегі. 

Міне , осы жайттардың барлығы ескеріле отырып, аталмыш тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы салт-дәстүрлеріміздің мән- мағынасын аша түсуге мол септігін тигізетін «Мың бір мақал- жүз бір жұмбақ» атты сайысын өткізді. Бұл  сайысымызға Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 6 сынып оқушылары  4 топқа бөлініп, 5 бөлімнен тұратын  сайыста әр топ жылдамдықпен , өздерінің сөз қорларын, білімдерін жақсы көрсете білді. Іс- шарамыздың  мақсаты халақ ауыз  әдебиетінің түрлері мен таныстыра  отырып, балаларды  адамгершілікке , адалдыққа , ата- баба асыл өсеттерін  ұмытпай  отыруға тәрбиелеу .Сайыс соңында қатысушыларымыз  марапатталды.

«Ата салтың- халықтық қалпың» демекші, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой- өрісін танытатын салт-дәстүрлерімізге мейлінше құрметпен  қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың елдігіне сын. Қазақ елін өзге жұрт сыйлап, бағаласын десек, ұлттық салт-дәстүрімізді ардақтай білейік, асқақтата білейік. Ертеңгі ұрпағымыз ұлтжанды, отаншыл болып өссін десек, ата дәстүрімізді ардақтауды үйретейік. Кейін өкінбеу үшін жеткіншектеріміздің бойына ұлттық тәрбие нәрін ертең емес, бүгін сіңірейік.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық балалар

кітапхана меңгерушісі.

Қостанай обл,Амангелді ауданы.