1 қазан 2019 жылы Үрпек ауылдық округінде  ауыл клубында қарттар күніне арналған мерекелік іс шара өтті.  Мерекелік іс шараға  Қосжан, Ағаштыкөл, Қарашатөбе елді мекен қариялары да қатысты. Алғашқы сөз кезегін ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабеков Серік Үмбетұлы  алып, қаряларды мерекемен құттықтап, баяндама жасады.  Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан Тұрлыгұлұлы қариялдарды мерекемен құттықтады..

Ауыл кітапханашысы М.Т.Нұржанова ауыл қарияларына арнап фото-көрме әзірледі.  Мерекелік кешті  Сапабекова Зумрет  және Әбдібекова Айдана жүргізді.  Ауыл қариялары мектеп мұғалімі Байкенов Жанкелді  және клуб меңгерушісі Жұмаганбетова Айгүлдің дайындаған мерекелік концертін тамашалады. Әлімжан Назерке, Шрайденов Жанболат, Ақмырза Аяулым, Балахметов Серікболсын, Сақан  Айгерім,  Жетпісбаева Жұмагүлсімнің жетекшілігімен дайындаған қыздар тобы әншілері, Бақытжан Назерке, Балахмет Жанбек және Өмірхан Сағдат  ауыл қарияларына ән шашу арнады.

 

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұргынбайқызы