2019 жылдың 03 қазан күні Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының  «Көңілді старт» атты тақырыпта спорттық сайыс түрінен жарыс өтті.

 

Шараға Ы.Алтынсарин  атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты, Орталық  кітапхана директоры Мұсабаева Көркем Амантайқызы қатысып, қатысушыларға тілектерін жеткізді.

Іс-шараның мақсаты Н. Назарбаевтың «2019- жастар жылы» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларымен «Көңілді старт» спорттық сайыс өткізілді. «Көңілді старт» ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ойын барысында балалардың ынтымақтастығын, адамгершілікке, адалдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынға қатысушылардың өзін – өзі анықтау тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру

Сайстың әділ қазылар алқасы болып кітапхана директоры Мұсабаева К.А. кітапхана қызметкерлері Сакулова Н.Т Ақдәулетова Ш.С сайланды.  Сайысқа «Қыран» және «Қайрат» тобы қатысып әділқазылар шешімімен «Қайрат» тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында балаларға сыйлықтар таратылып, жеңіске жеткен топ мақтау қағазымен марапатталды.

 

.