Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

 

Осы мерекеге орай Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  «Әйел-ана-тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеш мақсаты- нәзік жанды аруларымыздың, аналардың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға мерекелік көңіл-күй, қуаныш сыйлау.

Осы кешке арнайы қонақ боп, әр салада қызмет етіп жүрген және құрметті зейнетте жүрген аяулы жандар Олжағұлова Жұлдызай Жұмағұлқызы, Ибраева Ұлмекен Рахымжанқызы, Есенова Мәнсия Қыдырәліқызы, Баженова Гүлжәмила Ермекбайқызы, Мұстафина Қадиша Шынтаққызы қатысып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

Кеш барысында әсерлі әндер орындалып, қонақтарға жақсы көңіл-күй тарту етілді.

Кеш соңында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сейдин Сағынғали Зәкірұлы қонақтарды мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.

Әйел -ана – тіршіліктің алтын арқауы. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар,  жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұл-қыздарын даналық пен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған Әйел-аналар қандай құрметке болса да лайық. Алда келе жатқан арулардың мерекесі құтты болсын!

 

 

Қалмағанбетова Г.Қ.

Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері