Бала -еліміздің  болашағы. Оларды  тәрбиелеу,   білім  беру,  болашақта өз орнын   табуы  -  әр ата-ананың  міндеті.

Қазақстанда    салауатты  өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтаумен  нығайтудағы басты міндеттің  бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес  жүргізу. Зорлық-зомбылықтың баланың  мінез-құлқына әсер ету  ерекешеліктері бар. Ата анасы және басқа да заңды өкілдері ата- аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың   дене және психикалық   денсаулығына, оның имандылық дамуына   зиян келтіруге құқылы емес. Бала тәрбиелеуде баланың адамдық  қадір - қасиетіне менсінбей  дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Балалар отбасында да, одан тыс жерлерде де зорлық –зомбылыққа ұшырайды. Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық жыл сайын, әлеуметтік жетімдердің саны 100 мыңға артып, панасыз және қадағалаусыз  балалар қатары өсуіне әкеп соғуда. Балаларға  қамқорлық жасау, баланың абыройымен құқығын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, әр жекелеген адамдардың да міндеті. Баланы жұмсау оңай, олар өз құқықтарын жете түсінбейді, мәселе туындатпайды және тез бейімделгіш болады. Бала мұқтаждығын елемеу, ата –ана тарапынан қамқорлықтың болмауы, баланың сезімдік жағдайы  және денсаулығының бұзылуына әкеп соғады. Қазіргі уақытта нарық заманына көшкен уақытта, жұмыссыз отырған ата- аналар,  жалғызбасты аналар, балаларын  күнкөріс қамы үшін, ауыр жұмыс түріне,     белі қатпай жатып, саман құюы көп кездесіп жатады , бұл бала еңбегін қанау болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне тұрғындардың бұл мәселе жайында хабары болмауынан, ауыр еңбектің балаға зиян екенін білмеуінде жатыр. Бала құқығын қорғауда әр ауылда учаскелік инспекторлар қызмет жасап, бала құқығын қорғауға ат салысады. Ата анамен жұмыс жасайтын «Сенім» орталықтары да бар. Тәрбиеге әсер беретін ең бірінші орта, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінез пайда болады. Отбасында жылу көрмеген бала, темекіге, бұзықтық жолға түсуге үйір болады. Ақша табу мақсатында түрлі   жұмыстарға баруға, зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады.  Бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын салу, балалардың тұрмыстық-зорлық-зомбылықтың     құрбаны болудан,  еңбектің ең нашар    түрлеріне тартылуын    болдырмау және  алдын алуға байланысты, отбасы құндылықтары мен   бала құқығы туралы, зорлық –зомбылықсыз жарқын болашақтың алдын алу мақсатында Аманкелді аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты іс  шара өтті.  Бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу бойынша  

  1. Қарасу ауылының кітапханашысы Есімсейтова Ж.  бейнеролик жасады.  
  1. Кітапхана фойесіне бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда көмек көрсететін қызметтер туралы ақпараттармен  Кемер ауылының кітапханашысы Қабыкенова Майраш таныстырды.   
  1. Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемасы бойынша балалар кітапханасының кітапханашысы Мұсабаева Зарина «Алтын сандық» атты мерекелік тренинг өткізді.  
  1.  «Әнші болғым келеді» тақырыбында  Есір ауылының кітапханашысы Қайныкешова А , балалармен мерекелік концерт,  
  1. Балаларға арнап, спорттық  түрлі сайыстарды Жалдама ауылының кітапханашысы, «Бала еңбегі тоқтатылсын» тақырыбында Т 
  1. Тасты ауылының кітапханашысы Имансейітова Шолпан балалар флешмобын өткізді.  
  1.  Қабырға ауылының кітапханашысы Шибутова Бибігүл «Бала құқығы адам құқығы» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.  
  1. «Бала еңбегінің нашар түрлері» атты презентацияны Құмкешу ауылының кітапханашысы Князева Бақыткүл жасады.  
  1.  «Балалар еңбегі –балалар көзімен» атты сурет сайысын Байғабыл ауылының кітапханашысы Бірғалиева Зухра ұйымдастырды.  
  1. «Бала еңбегінің ауыр нысандары» тақырыбында үгіт –насихат жұмыстарын    Үштоғай, Степняк ауылының кітапханашылары, Смағұлова Ү және Айтишова Ә, жүргізді.   
  1. Ақсуат ауылының кітапханашысы «Біз бала еңбегіне   қарсымыз » атты сурет байқауын ұйымдастырды.  

Осылайша  бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын салу мақсатында өткізілген іс- шара өз деңгейінде өтіп,  «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаныатты іс шараны  Аманкелді аудандық кітапхана директоры  Көркем Амантайқызы қорытындылады.  Бала еңбегінің ең нашар түріне тап болған   балаға көмек қолын созу, баланың заңды мүддесін қорғау әр ата ананың міндеті. Әр бала бақытты болуға лайықты.  

 

Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты  

Үрпек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұржанова М