Ұлы ойшыл  Әл-Фараби

 

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса –адамгершілік ұтады.

Әл-Фараби

Биыл Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына-1150 жыл.Ұлы ойшылдың мерейлі датасын мемлекеттік деңгейде атап өту-болашақ жастардың патриоттық сезімін оятып, елін сүюге тәрбиелеу үшін жасалынып жатқан маңызды шара.

Оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттау, қарттарымыздың үлгі-өнегесін көрсету,жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында Амангелді ауылдық округінің бастауыш Ардагерлер Ұйымы мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі,ислам дүниесінің ең ірі,атағы әлемге жайылған ғұлама философы, «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай  «Ұлы ойшыл-Әл-Фараби» атты аудан зейнеткерлері  арасында шығарма жазу байқауы жарияланған болатын.

Байқауға  қатысқан зейнеткерлердің арасынан өз ойын жүйелі ,әдеби қалыпта көрсетіп, сауатты жаза білген қатысушылар іріктеліп алынды. Нәтижесінде  сауатты, көркем жазу шеберлігімен көзге түсіп,жүлделі I орынды   Шаяхметова Күләш Тобағабылқызы,II орынды Гүлназия қажы Қапарқызы, III орынды Болат Айтжан Әмірқызы иеленді. Қатысушылар дипломмен марапатталып, сый-сыяпат жасалды.

Сайысқа қатысқан зейнеткерлер ұзақ жылдар ұстаздық қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаздар, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған аяулы әжелер. Кітапханада өтіп жатқан  іс-шараларға белсене қатысып, өз пікірлерін білдіріп, жастарға жол көрсетіп келе жатқан осындай қарттарымыз аман болсын!

 

 

Г.Қ.Қалмағанбетова

Амангелді аудандық орталық

кітапхананың кітапханашысы