Ағаштыкөл ауылдық кітапханасы қазақ поэзиясының хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған" Тау тұлғалы ақын"атты поэтикалық марафонды назарларыңызға ұсынады. Бұл іс—шараның мақсаты оқырмандарға, жас ұрпаққа ақынның өмірбаянын, еңбек жолын, шығармаларын, кітаптарын насихаттау және оқыту арқылы отанын, елін, халқын, ана—тілін сүйюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл іс—шара барысында Алданғор Айдана, Алданғор Диана, Төлеухан Оралхан, Төлеухан Әзілхан, Бейсенғали Нұршархат ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындады.