Үрпек ауылдық округінде   Халықтар  бірлігі күніне  орай ауыл тұрғындары арасында  «Бірлігіміз жарасқан  -туған елім» атты  мерекелік  іс  шара  өткізілді.

Ауыл әкімі Жақыбаев Ғалымжан  Тұрлығұлұлы ауыл халқын мерекемен  құттықттады. Ауыл  халқына мерекелік  концерт     және әр  ұлттың  билерінен   өнер   көрсетілді.  Ауыл көшелері  арасында  «Бауырсақ шоу» сайысы өткізілді. Қосжан, Ағаштыкөл елді  мекендері, емхана  ұжымы    және  барлық көше   тұрғындары әр  ұлттың  тағамдарынан   және қазақтың  ұлттық  тағам   түрлерінен    көрме  жасады.

Әділ  қазылар алқасы «Бауырсақ  шоу»  және  «Ұлттық тағам»  түрлерін  бағалап,  жеңімпаздарды марапаттап, сыйлық  тапсырды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлері демеушілік  жасады. Мерекелік іс шара спорттық ойындармен   жалғасты.  

Нұржанова  Майраш Турғынбайқызы

Үрпек ауылдық кітапханашысы