«Астана айбынды ақ ордам» 6 шілде Астана күні мерекесіне орай өткізілген іс шара. Үрпек ауылдық округінде 6 шілде Астана күні мерекесі аталып өтілді.

Астана айшықтары, Елбасының еңбектері жайында кітап көрмесі жасалды. Кітап көрмесімен ауыл кітапханашысы таныстырып өтті.Клуб меңгерушісі Айгүл Хайроллақызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, бас маман Жұмабеков Бауыржан мерекелік ән шашу арнады. Қасымхан Нұрайым, Көшекова Гүлсезім ән айтып, Қожагелді Жәния би билеп, көпшілік қошеметіне ие болды. Викториналық ойындар ойналып, оқушылар түрлі сұрақтарға жауап берді. Оқушылар асфальтқа Астана жайында суреттер салып, ең жақсы салынған балалар суреттері марапатталды. Биылғы Астана қаласында өтіп жатқан ЕКСПО ны суреттеген Есентай Серікболсынның суреті сәтті шықты. Іс шара соңы балалардың көңілді биіне ұласты.

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы 
Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы