Үрпек ауылдық кітапханасы осы шілде айынан бастап балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі кітаптармен толықты. Ертегілер, жұмбақтар, скетчтер, интермедиялар, әр түрлі тақырыптағы ертегілер,әліппе әңгімелері, жыл мезгілдері атаулары, қазақ ертегілері «Алтын сақа», «Түймеқыз», «Алдаркөсе» хикаялары балалардың қызығып оқитын,сүйікті кітаптары балаларға ұсынылды. Ауылдық кітапхана күн сайын кішкентай оқырмандарға, ауылға келген қонақ балаларға толы, арнайы үлкен  оқу залы болмаса да, балалардың жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, кітап оқуына еш кедергі жоқ.. Енді бұл іс шара алдағы уақытта ересек оқырмандар кітаптарымен де өткізілетін болады.

 

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы