XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын СұлтанмахмұтТорайғыровтың шығармашылығына арналған «Заңғар тұлға» атты тақырыбында 50беттік библиографиялық көрсеткіш құрастырылып, мектеп оқушыларына таныстырылып, шолу жасалды. Бұл құрал алғы сөзбен басталып, Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі байяны жазылып, әдебиеттері туралы жалпы шығармашылығы , «Кедей » поэмасысының толық нұсқасы енгізілген. Сонымен қатар әдебиеттер тізімі, мерзімді басылымдағы жариялымдар және фота суреттері мен есімдердің алфабиттік көрсеткіші еңгізілген.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы еркін қоғам туралы асқақ арманға қанық. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм мен  Отанға деген махаббатқа тәрбиелеудің адамзаттық мәніне ие.

Қостанай облысы,Аманкелді ауданы,

орталық балалар кітапханасының

библиографы Рая Алмагамбетова