Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің көзі болып табылады. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін оқушыларға кітап арқылы насихаттауға мүмкіндігіміз мол. Оқушыларды кітапханаға тарту мақсатында аудандық орталық балалар кітапханасы Б. Қолдасбаев жалпы білім беретін орта мектебінің «Жаз-2017» сауықтыру алаңының «Жалын» тобы мен «Балдырған» тобы кітапханамызға саяхатқа келді.

Балалар кітапханашы апайларын ықыласпен тыңдады, олар кітапхана жұмысының ерекшеліктерімен таныстырып,  кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы,  кітаптарға мұқият қарау жөнінде әңгімелеп берді. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, құйтымдай кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және басқаларымен таныстырды, бірақ ең бастысы, мазмұны бойынша – ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер және тағы да басқаларын өлең және қара сөзбен айтып өтті.    

Балалар біздің кітапханаға үлкен мүдделілік көрсетті. Балалар үшін әртүрлі тақырыпта кітап көрмелері әзірленген болатын. Балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Осындай іс-шаралар балалардың бойына кітап әлеміне деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

Зарина Мусабаева

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы

Орталық балалар кітапханасы