«Рухани жаңғыру» бағдарламасының стретегиялық мақсаттарының жүзеге асыруда кітапханашылар маңызды рөл атқарады.

Қазақстанның дамуының болашақта білімнің салтанат құруы, туған жерге , мәдениетіміз бен салт- дәстүрімізге, еліміздің қасиетті орындарын құрметпен  сүйіспеншілікпен қарап, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында  Аудандық орталық балалар кітапханасы «Рухани жаңғыру-Ұлттың жаңғыруы» атты тұрақты кең көлемінде кітап көрмесі ұйымдастырылды

Көрме 3 бөлімнен тұрады.

1 бөлім-«Қазақ әліпбиінің тарихы»

2 бөлім- «Жаhандағы заманауи қазақстандық  мәдениет»

3 бөлім- «Туған жер»   аясында.

«Қазақ әліпбиінің тарихы» бөлімінде жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізгенін баяндайтын бірнеше кітап бар. Олардың ішінен «Орхон мұралары», «Қазақтар Ана тілі әлемінде», «Тіл және қоғам», «Парсыша- қазақша түсіндірме сөздік», «Араб- қазақша түсіндірме сөздік», «Тіл Тәуелсіздік- Ел болашығы», «Тіл тупалы толғам» сонымен қатар баспасөз беттерінде жарық көрген  «Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы» латын әліпбине көшу талабына байлынысты мақалалар жарияланған болатын алдарыңызға ұсынып отырмыз.

Көрмеде «Туған жер» бағдарламасы аясында ,Қазақстанның киелі жерлері туралы «Ұлы дала жаңғырығы», «Қазақ жерінің 100 аңызы», «Ұлы дала мемлекеттері», «Мәнгілік ел-Қазақстан», «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері»

Ал «Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бөлімінде әлемнің маңдайалды туындылары  қатарына тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптейтін, өзіндік мазмұнны бар ескерткіштер, мекемелер, мекендер, Астанадағы «Бәйтерек» монументі , құнды деректер оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Сонымен қатар Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыр» атты жолдауын   бейнематериал көрсетілді. Оқушылар өз ойларын орта салып, талқылып елбасымыздың жолдауын бір ауыздан қолдайтынын атап айтты. 

Мусабаева Зарина

 Қостанай облысы амангелді ауданы

Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі