Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойына байланысты «Азаттың таңын аңсаған – Алаш арыстары » атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға шолу жасалды. Көрме 2 бөлімнен тұрады.


1- ші бөлім. Ұлттық- демократиялық қозғалыс тарихындағы ереулі кезең, тарихтағы аса ереулі оқиға 1971 жылы Орынбор қаласында өткен. Әлихан Бөкейханов бастаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Қали Досмұхамбетов сынды ұлт зиялыларының бастамасымен қазақтың тұңғыш ұлттық- демократиялық алаш партиясы құрылған зиялы азаматтарының шығармаларының толық жинағын ұсынып, оқырмандарға таныстырылды. 

2-ші бөлім. 2017 жылы «Бір ел- бір кітап » акциясы аясында оқылатын кітап, ақын ағартышы- демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары болып бекітілгені баршамызға белгілі. Акцияға орай оқу орындарында мекемелерде жыл бойына бірнеше көпшілік шаралар өтті. Әлі де жалғасын тауып келеді. Осыған байланысты Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын насихаттау кітап мәртебесін көтеру, кітап мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында «Ғибрат алар сөз қалдырған» атты кітап көрмеміздің 2 -ші бөлімі Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына жасақталып, жыл соңына дейін кітапханаға келген оқырмандарға таныстырылады . Сонымен қатар, «Алаш аңсаған Алаш азаматтары» атты бейне ролик көрсетілді.