Үрпек ауылдық округінде Жаңа ауыл орта мектебінің мұғалімдері психолог маман Атембекова Айнұр және тәлімгер Қорғанбекова Назгүлдің ұйымдастыруымен «Дельфийлік ойындар -2017» атты дәстүрлі өнер сайысы өтті. Бұл іс шараның мақсаты мектеп қабырғасында байқалмай жүрген балаларды тану үшін іс шараға тарту. Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты.

Сайыс бірнеше кезеңнен болып, Сурет- «Ауылым алтын бесігім», Ән- патриоттық тақырыбында, «Би», «сахналық қойылым» бойынша  болды. Шынымен де кейбір балалар әр түрлі қырынан танылып, халық риза болды. Сахналық қойылымда Сапа Нұрбек, Өміртай Ернұр, Тұрлығұл Дарина. Нұрханов Ілияс ерекше танылды. Сурет сайысында оқушылар салған ауылдың тыныс-тіршілігі, рухани жаңғыру тақырыбына салған суреттері өте жақсы шыққан. Сайыс өз мәресіне жетіп, ойын барысында үздіктер анықталды. Бас жүлде 8 а сыныбы, сынып жетекшісі Қасымов Әлім, 1 орын -8 ә сыныбы, сынып жетекшісі Сарина Ақтоты, 2- орын екеу - 5 ә, 6 а сыныптары, 3 орын екеу 7 ә және 5 ә сыныптары, қалған сыныптар түрлі номинацияларға ие болды.  

 

 Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы